Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің басты міндетін атады
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің басты міндетін атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тау-кен саласын автоматтандыруға арналған үш жобаны іске қосты. Осы орайда Мемлекет басшысы алғашқы жобаларға үлкен жауапкершіліктің артылып жатқанына баса назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Айта кеткен жөн, бүгін жалпыхалықтық телекөпір барысында Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі «ақылды карьерді» ашса, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ «цифрлық кенішті» іске қосты. Ал «Қазцинк» ЖШС Малеев кенішін автоматты басқару жобасын қолға алмақшы.

    «Аталған үш жоба — тау-кен саласын цифрландырудың алғашқы қадамы. Сіздерге қарап, басқалар бой түзейді. Сондықтан осы жұмысты аяғына дейін жеткізулеріңіз керек. Ашығын айтсам, сіздер «ақылды карьер» мен «цифрлық кеніштің» анықтамасын енді түсініп жатқан шығарсыздар. Алайда оның арғы жағында үлкен жұмыс жатыр. Цифрландыруды толығымен іске асыра алсақ, ел экономикасын 30 пайызға өсіруге болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Өз сөзінде Мемлекет басшысы Үкіметтің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын даярлап қойғанын жеткізді.

    «Бізге цифрлық технологиялар жағынан артта қалмау керек. Бұл мәселені сөзбұйдаға айналдыруға да болмайды. Мен Үкіметке, министрлерге нақты тапсырма беремін, осы мәселені өзім бақылайтын боламын. Бұл — өте маңызды. Үкіметтің алдында тұрған басты міндет деуге болады. Оны іске асыра алса, жақсы. Ал істей алмаса, басқаларға орнын босатуы керек», — деп атап көрсетті Президент.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.