Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын қабылдады
    Жаңалықтар

    Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын келістірді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

    Хабарда айтылғандай, 2017 жылғы 5 желтоқсанда Мәскеуде Әзербайжан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иран СІМ басшысы Джавад Зариф, Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров және Түркіменстан СІМ басшысы Рашид Мередов қатысқан Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің мәжілісі табысты аяқталды.

    Тараптар каспий проблематикасы күн тәртібінің бірқатар маңызды мәселелерін, соның ішінде Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауын бөлу, аумақтық және iшкi суларда жүзу режимi, Каспий теңiзiнің түбiмен суасты құбырларды жүргізу, теңіздер мен әлем мұхитына еркін қол жеткізуіне қатысты, тағы басқаларды да қарастырды.

    Мәжілістің басты қорытындысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясының жобасы бойынша барлық негізгі мәселелердің келісілгені болып табылды.

    Жуық арада сарапшылар 2018 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттер басшыларының саммиті барысында қол қою үшін Конвенцияның жобасын дайындау бойынша техникалық жұмыстарды жүргізеді.

    Каспий теңізінің мәртебесін реттеу және халықаралық саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың құқықтық режимін құру Каспий өңірінің саяси тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету, оның табиғи байлықтарын сақтап арттыру және бірегей географиялық жағдайын пайдалану мәнмәтініндегі маңызды стратегиялық мәселе болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан басшысы ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ҚР және оның көршілерінің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді қолданудың жаңа болашағы ашылады.

    «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына мол назар бөледі. Ол алдымызға қойған басымдықтарының бірі – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция бойынша келісімге қол жеткізу. Конвенция өзінше «Каспий теңізінің конституциясы» болып, Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына жаңа серпін береді және аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің кепілгері болады деп сенемін», – деп атап өтті Қ. Әбдірахманов.

    Конвенция бойынша жұмыс 20 жылдан астам жүргізілді. Құжаттың жобасында Каспий теңізіндегі тараптар қызметінің негізін қалайтын қағидаттар, теңіз айдыны мен ұлттық түбтік секторларды айыру, әскери ынтымақтастық және биологиялық ресурстарды, теңіз түбі мен жер қойнауын, жүзуді, қоршаған ортаны қорғауды, теңіз ғылыми зерттеулерді игеруіне байланысты шаруашылық-экономикалық ынтымақтастықты іске асыру мәселелері белгіленеді.

    Қазақстанда өтетін саммиттің барысында қол қою үшін 2010 жылғы Каспий теңізінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне хаттамалар жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні сұғанақтыққа қарсы күрес, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм, ұйымдасқан қылмыстық пен есірткі заттар айналымына қарсы күрес бойынша хаттамалардың жобалары әзірленген.

    Каспий аймағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тараптар Каспий теңізінің ортасын қорғау туралы нобайлы конвенцияға хаттама, сонымен қатар Трансшекаралық мәнмәтіндегі қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша хаттама жобаларын әзірлеуде.

    Каспий жағалауы барлық мемлекеттердің күш-жігерлері Каспий аймағында бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылықты және тұрақты экономикалық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық даму және ынтмақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.

    Дереккөз: ҚазТАГ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.