Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Украина-Қазақстан қатынастары институтына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді
    Білім

    Украина-Қазақстан қатынастары институтына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекетаралық Украина-Қазақстан қатынастары институтына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

    Бұл институт 70 жылдық тарихы бар «Білім» қоғамының құрамына енеді.

    «Білім» қоғамының құрамына енетін Украина-Қазақстан қатынастары институтының құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр. Осы институттың қажеттілігін Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2004 жылы әйгілі украин академигі Федор Моргунмен кездесу барысында тілге тиек еткен еді. Бүгінде бұл қоғамдық институт Қазақстан жайлы танымдық-ақпараттық материал және кітап шығарумен айналысып келеді.

    Василь Кушерець, «Білім» қоғамының басқарма төрағасы, профессор:

    — Қазақстанның мемлекеттік басқару теориясы, жаңа замандағы Қазақстанның мемлекеттік деңгейдегі жетістігі, ел басқару философиясы – Украина қоғамы үшін қажет ілімнің бірі. Біз осындай тақырыптарды тереңнен зерттеп, ғылыми материал шығарумен айналысып келеміз.

    15 жылда институт және украинадағы Қазақстан Елшілігінің тікелей қолдауымен Қазақстан және оның басшысы туралы 15 кітап жарыққа шыққан. Бірқатар ғылыми-танымдық материалдың әрі Қазақстан жайлы 10-ға жуық еңбектің авторы – жазушы Николай Степаненко. Ол өз сөзінде: «Институт Қазақстанның Украинадағы оң имиджін арттыруға тікелей атсалысып келеді», – дейді.

    Николай Степаненко, Мемлекетаралық Украина-Қазақстан қатынастары институтының директоры:

    — Мемлекетаралық Украина-Қазақстан қатынастары институтының мүшелері бірауыздан институтқа Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылдады. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілік жүгін артады. Біз Қазақстан халқына осы атаудың атына кір келтірмей, керісінше қазақ-украин қарым-қатынасын арттыра түсу жолында еңбегімізді аямаймыз деп уәде береміз. ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

    Институт қызметкерлері жаңа жылдан бастап Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары, Мемлекет басшысының қазақ халқы ғана емес, әлемге әйгілі тарихи шешімдері жайлы тың еңбек жариялаймыз деп жоспарлап отыр. Оның бір тарауы 29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне арналмақ.

    Дереккөз: 24.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.