ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақтөбе және Шілік ауыл округтері тұрғындарына арналған жәрмеңке өтті. Екі ауыл округінің диқандары мен шаруалары күзгі жиын терімнен соң жүгері мен бақша дақылдарынан мол табысқа кенеліп, тауық өнімдері мен бордақыланған мал еттерін жәрмеңкеге шығарды. Мұнан бөлек сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, сусындар және қауынқақ, тары-талқан, балықтың бірнеше түрі саудаға түсіп, тұтынушыларын тауып жатты.
Айзада Бидан