Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының іс-шаралары қорытындылануда
    Жаңалықтар

    «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының іс-шаралары қорытындылануда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2017Updated:05.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ағымдағы жылғы 5 желтоқсан күні ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы және «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының  салтанатты жабылуы басталды.

    ttt«ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің ХХХV Тұрақты Кеңесі өтуде. Тұрақты Кеңес отырысына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов және ТҮРКСОЙ мүше елдердің мәдениет министрліктерінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

    24296599_2001377336772242_3854409580999387480_n

    min

    min1

    Кеңес отырысын ашып, жүргізіп отырған  ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы түбі бір түркі халықтарының бірлігі мен ынтымағы одан әрі нығая беретінін айтып, Түркістан түркі әлемінің астанасы аясында өткен шараларға атсалысқан барша түркі халқына алғыс айтты. Ал, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркістанда жыл аясында өткен іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін облыс әкіміне алғысын білдірді.

    Басқосуда түркі елдерінің Мәдениет министрлері түбі бір бауырлардың мәдени-рухани байланысын нығайту жолында игілікті істердің көптеп өтуіне басымдық берілу қажеттігін көтеріп, рухани қалада өткен мәдени шаралар бойынша өз пікірлерін білдірді.

    Жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев түркі мәдениетін әлемге танытатын халықаралық деңгейдегі тұрақты кеңестің маңыздылығына тоқталып, түркі әлемінің астанасы мәртебесі бұйырған – ежелгі Түркістан қаласына қош келдіңіздер,- деді.

    Бұдан бөлек, аймақ басшысы Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы аясында Түркістан мен Шымкент қалаларында ұлы даланы дүбірге бөлеген, түркі тұтастығын тереңдете түсетін мәні мен мазмұны астасқан ауқымды 40-тан астам шара ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, әкім 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мадени астанасы болып жарияланғанын айтып, барша түркі халқын аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.

    e383dccc-ae89-4d50-9772-8231ac7112bc

    Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің  дәстүрлі кездесуінде ТҮРКСОЙ-дың өткен жылғы атқарған есебі тыңдалып,  2017 жылы Түркі халықтарының мәдени-рухани байланыстарын нығайту жолында атқарылған шаралар талқыланды. Сонымен бірге, ұйымның алдағы жылға арналған жоспары мақұлданды. Алқалы жиын нәтижесінде қатысушылар ТҮРКСОЙ тұрақты Кеңесінің ХХХV отырысының Декларациясы мен жұмыс хаттамасын қабылдап, қол қойды.

    Сонымен қатар, Кеңес отырысына қатысушы түркі елдерінен келген қонақтар қолөнер орталығындағы «ТҮРКСОЙ» бейнелеу өнері көрмесін тамашалап,  онда суретшілер кездесуінің жеңімпазына ТҮРКСОЙ арнайы сыйлығын тапсырады.

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.