Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың жеке жауапкершілігінде — Бақытжан Сағынтаев
    Жаңалықтар

    Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың жеке жауапкершілігінде — Бақытжан Сағынтаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.

    Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін және жеңілдікпен дәрілік қамтамасыз ету жүйесі қызмет етеді.

    Министрлік пен «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы 2018 жылға амбулаториялық дәрілік қамту қажеттіліктері туралы алдын ала ақпаратты жинау жұмыстарын жүргізді, оның аясында кем дегенде 32% немесе 60 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек тапшылығы анықталды.

    Осы мақсатта тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру ережесі бекітілді, және ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.

    Бұдан өзге, дәрі-дәрмек айналымы саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Биыл 30 маусымда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандыру мәселесін қозғайтын заң күшіне енді.

    Сатып алудың жаңа ережелеріне сәйкес, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор жүргізетін екі кезеңді тендер рәсімнің ұзақтығы — 59 күн. Дәрі-дәрмекті жеткізудің басталу мерзімі шамамен 2018 жылдың 15 ақпанынан 10 наурызына дейін жоспарланған.

    Осыған байланысты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуде олқылықтың орын алмауы мақсатында Үкімет қаулысының жобасына бірыңғай дистрибьюторға 2018 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға деген үш айлық сұранымды бір жерден сатып алу мүмкіндігі туралы толықтырулар қосу ұсынылады.

    Мәселені қарауды қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмек сатып алу мәселелері Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Проблеманың маңыздылығына байланысты Премьер-Министр Елжан Біртановқа мәселені жеке жауапкершілігіне алу керектігін айтты. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына түзетулер енгізіп, жоспардағы кемшіліктерді жою туралы тапсырма берілді.

    Мәселені бақылау ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.