Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының 5 бағытын атады
    Жаңалықтар

    Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының 5 бағытын атады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізгі бағыт 5 бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған бағдарламаның қорытынды нұсқасын таныстырған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Құжат негізгі 5 бағытты қамтиды. Біріншісі — «Экономика салаларын цифрландыру». Бұл еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыру мақсатында серпінді технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді. Екіншісі — «Цифрлық мемлекетке көшу». Бұл ретте сөз халық пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді олардың қажеттілігін сезіну жолдары арқылы жаңа сапалы деңгейге көтеру жайында болып отыр», — деді Дәурен Абаев.

    Оның айтуынша, үшінші бағытта «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» көзделеді. Аталған бағыт мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығын және инфрақұрылымының қорғалуын дамыту жүзеге асырылады. Төртіншісі — «Адам капиталын дамыту». Бұл бағытта «білім экономикасына» көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құру жүргізіледі.

    «Бесінші «Инновациялық экожүйе құру» бағытында бизнес, ғылыми орта және мемлекет арасындағы тұрақты көлбеу байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай қалыптастыру жайында сөз болып отыр», — деді Дәурен Абаев.

    Министрдің дерегінше, аталған 5 бағыт аясында 17 бастама мен 120 іс-шара жоспарланған.

    «Олардың бір бөлігі таяу жылдардың ішінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Ал қалғандары болашақтағы экономиканың саласы ретінде цифрлық секторға негіз қалайды. Оның әсері келесі онжылдықта байқалады», — деді ол.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.