Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойды
    Жаңалықтар

    Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.12.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан вице-Премьер-Министрі Толқынбек Абдығұлов екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде жол картасына қол қойды.

    Минскідегі Қырғызстан Президентімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі Қырғызстан үкіметтік делегациясымен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды. Оның ішінде шекарадағы жағдай да қамтылған.

    2223

    Жол картасы шекара, көлік, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру салалары бойынша өзара қарым-қатынас, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған 50 шараны қамтиды. Құжатта тез арада қолға алынуы тиіс 16 шара, қысқа уақытта жасауы тиіс 5 және жүйелі түрде жасалатын 29 шара қамтылған.

    «Бұл шаралар қырғыз экономикасының ЕАЭО нормалары мен талаптарына бейімделіп, бұл елдің тауарлары ЕАЭО нарығына еркін шыға алуы үшін қолға алынып отыр», — деді А. Мамин.

    Жол картасына қол қойған соң Қазақстан мен Қырғызстан ЕАЭО сыртқы шекарасында кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитариялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне көшеді, сондай-ақ Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік тауарларды Еуразиялық экономикалық комиссия өкідерінің қатысуымен өткізуге қол жеткізеді.

    Қырғыз тарапы жоғарыда көрсетілген салалар бойынша ЕАЭО талаптарына толықтай сай келетін дәрежеде бақылау жасауды мойнына алды.

    «Жол картасының шараларын толықтай әрі уақытылы орындау ортақ нарықты ашықтық, заңдылық және өзара пайда тұрғысынан қалыпастыруға, сондай-ақ тату көршілік және достық қарым-қатынастың дәстүрлі арнасында өзара тиімді сауда-экономикалық байланысты күшейтуге септігін тигізеді», — А. Мамин.

    Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының мәлімдеуінше, «ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын, оның ішінде сәйкестікті растау бойынша қазақстандық органдарда қырғыз тауарларын сертификаттау талаптарын сақтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетін болады».

    Жол картасына қол қою қорытындысы бойынша, тараптар 2017 жылдың 3 желтоқсанының сағат 00:00 бастап ҚР шекара қызметі Қазақстан-Қырғызстан шекарасының барлық өткізу орындарында күшейтілген шекара бақылауынан күнделікті шекара бақылауына көшуге келісті.

    Дереккөз: primeminister.kz

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.