• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Серікжан Сейтжанов – «Тіл жанашыры-2017» байқауының лауреаты атанды

30.11.2017
0

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейнде «Тіл жанашыры – 2017» республикалық байқауы өтті. 37 жеңімпаз анықталған байқауда «Саутс-Ойл» компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты, елімізге белгілі меценат Серікжан Сейтжанов та марапат төрінен көрінді.

img-20171201-wa0021

2007 жылы бастау алған игі шара «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігімен бекітілген. Екі жылда бір ретөтіп тұартын қоғамның бұл жоғары марапаты жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосқан еліміздің, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтарына табысталады. Атап айтқанда, ол қоғамдық негізде қазақ тілін БАҚ, әдебиет пен өнер саласында насихаттаушыларға, Қазақстанда және шетелде қазақ тілі білімінің деңгейін көтеру бойынша оқыту және мәдени-ағартушылық бағдарламаларын әзірлеушілер мен іске асырушыларға, инновациялық және бірегей авторлық оқыту әдістемесін қолданып, оқушылар мен студенттерге мемлекеттік тілді оқытушыларға, сонымен қатар тіл білімі, тарих, этнография салаларының өзекті мәселелеріне ғылыми зерттеу жүргізушілерге, қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға бағытталған баспа өнімдерін дайындаушылар мен шығарушыларға, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық  іс-шараларды ұйымдастырушыларға, қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға ықпал ететін іс-шараларға демеушілік жасағандарға беріледі.

Салтанатты жиынды ашқан Президент Кеңсесінің бастығы, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков марапат тапсырылатын орынды әдеі таңдап алғандығын жеткізді. Яғни, Елбасымыздың Астанадағы резиденциясының күмбезді залын таңдап алу себебі, осыдан 20 жыл бұрын 1991 жылы 10 желтоқсанда нақ осы залда Парламент пен Үкіметттің бірлескен отырысы өткізіліп, Ақмола қаласы еліміздің жаңа астанасы болып салтанатты түрде жарияланған болатын. Сондай-ақ, Елбасымыз мемлекетіміздің тарихындағы аса маңызды өзге де көптеген шешімдеріне осы ғимаратта қол қойылған екен.

Махмұт Қасымбеков: «100-ден астам ұсыныстың ішінен осы құрметке 37 азамат нағыз лайық деп таңдап алынды. Сондықтан бүгін табыс етілетін «Тіл жанашыры» құрмет белгісін – сіздердің осы кезге дейін атқарған істеріңізге деген құрметіміз деп қабылдаңыздар», деді өз сөзінде.

«Тіл жанашыры» төсбелгісін кеудесіне таққан Саутс Ойл мұнай компаниясының президенті, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты, елімізге белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейтжановтың халыққа жасаған еңбегі ерен.

Ол өз қаражатына сырлы Созақ өңіріндегі бүкіл түркі әлеміне белгілі тұлға Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің бұзылғалы тұрған кесенесін қайтадан жаңғыртып туған жерді түлетуде перзенттік парызын өтеп жүрген жан.

Бірқатар қазақ ақын жазушылардың кітаптары мен өнер туындыларын жарыққа шығаруға септігін тигізген, өнер мен шығармашылықты жанындай сүйетін меценат.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Серікжан Сейтжанов бүгінде 60-қа жуық ғылыми мақалалары мен 3 монографияның авторы.

Ұстазды қадірлеген жан 2011 жылы Шымкент қаласының қақ төрінен ғалым, профессор Сұлтан Сүлейменовке арнап алып ескерткіш орнатты.

Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда кәсіпкерлікті дамытып ел экономикасының дамуына және халықты жұмыспен қамтуда зор үлес қосып халықтың алғысына бөленіп, Елбасының сенімін ақтап жүрген азамат.

Айта кетейік, алғашқы рет «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен қазақ тілін зерттеген шетелдік ғалымдар марапатталған. Одан кейінгі жылдары марапатқа тілге шынайы қамқорлық пен жанашырлық танытқан, оның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар, оқытушылар, ақын-жазушылар, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер және мемлекеттік тіл мен қазақ мәдениетін қолдау бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға демеушілік жасаған меценаттар ұсынылған.

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.