Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте ашық конкурспен екі мектеп директоры тағайындалды
    Жаңалықтар

    Шымкентте ашық конкурспен екі мектеп директоры тағайындалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.01.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен еінші рет қалалық білім бөліміне қарасты №118 «Көкбұлақ» жалпы орта мектебі мен №71 жалпы орта мектебі директорларының бос лауазымдық қызметіне ашық конкурс өткізілді. Іріктеу сыны бойынша облыс орталығындағы екі бірдей білім ұясы басшылығына үміткерлер таңдалды. Білім ұясының басшылық қызметіне тағайындаудың жаңаша үрдісі ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін таптырмас тәсіл. Тағы бір оңтайлы тұсы – директорлық лауазымға өз ісінің білгірлері ғана таңдалып алынады. Мұндай тәжірибе түстікте тұңғыш рет қолданылып отыр. Комиссия мүшелері мұндай сүзгіден өтіп барып, тағайындалған директор кадр сапасына жеңіл-желпі қарамайтындығын айтып өтті.
    Үміткерлер жеке-жеке Қазақстан Республикасының Заңдарын қаншалықты білетіні, құқықтық нормативтік құжаттар, ұжымды басқарудағы, оқу әдістемелік процесін жақсарту жолындағы біліктілігі сарапқа салынды. Алғашқы сын бойынша №71 жалпы орта мектебінің басшылық лауазымынан 6 үміткер комиссия қабылдауына қатысты. Солардың ішінен мектеп директорлығы лауазымына Орынбай Қамысбаев лайық деп танылды.12548971_1688251108087916_2449578387058489316_n

    Ал, №118 жалпы орта мектебіне 2 үміткер қатысып, біліктілігі, басшылық қабілеті жағынан Әбу Қалмұрат Әбенұлы осы лауазымға тағайындалды. Осыған орай шаһар басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы бүгін аталмыш мектеп ұжымына арнайы барып, жаңа директорларды таныстырды.12417958_1688251151421245_3405791563972177582_nЕстеріңізге сала кетейік, бұған дейін мектеп директорлары Білім басқармасының ұйғарымымен ғана тағайындалатын. Енді, шаһар басшысы алдағы уақытта қаладағы білім жүйесіне ерекше көңіл бөлмек. Сонымен қатар, алдағы уақытта мектептердің барлығына бақылау жүйесін енгізу жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.