Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Халыққа арзан ипотека беру керек — Тимур Құлыбаев
    Жаңалықтар

    Халыққа арзан ипотека беру керек — Тимур Құлыбаев

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.11.2017Updated:30.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Атамекен» ҰКП басшылығы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Аxметовтың ұсынысын Премьер-Министрге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Өткен аптада біз Шығыс Қазақстанда болдық. Даниал Кенжетайұлы (ШҚО әкімі — авт.) айтады, баспана құрылысын қаржыландырудың қажеті қанша? Оның бәрін екінші деңгейлі банктерге беріп тастауға болады ғой. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесетін болсақ, арзан ипотеканы берейік. Қазір бізде тұрғын үй құрылысымен «Самұрық-Қазына» айналысады, «Бәйтерек» холдингі айналысады. Олар баспана құрылысымен емес, ел экономикасымен айналысуы қажет. Ал тұрғын үй құрылысын жеке бизнес те атқара алады. Бұны жай адам айтып отырған жоқ. Әкім айтып отыр. Ол да кезінде Үкіметті басқарған», —  деді «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін палатаның кеңейтілген отырысында.

    Президиум басшысының айтуынша, мемлекеттің қыруар қаражатын «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» пен әкімдіктер арқылы құрылысқа салғанша ол ақшаға ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға болады. Осылайша, ипотеканы xалыққа барынша қолжетімді етуге мүмкіндік бар.

    Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП президиумның кеңейтілген отырысына ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы шаралар талқыланып, осы саладағы өзекті мәселелер де пысықталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.