«Өлі разы болмай, тірі байымас». Күні кеше ОҚО-нан Алматы облысына жолға шыққан арнаның шығармашылық тобы бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың туған ауылына табан тіреп, түсірілім жасады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында жолға шыққан делегация әуелі Елбасының әке-шешесі жатқан зират басына барып, Құран бағыштады.