Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі ескі қалашықтағы жаңа археологиялық қазба жұмыстармен танысты
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі ескі қалашықтағы жаңа археологиялық қазба жұмыстармен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстармен танысты.

    Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын қазған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты.

    Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы бірінші кезекте аталған жұмыстарды тоқтатпауды және табылған жәдігерлерді сол қалпында сақтап қалу үшін қазба аймағын қорғау, қоршауды қала әкіміне тапсырды.

    Сондай-ақ, әкім анықталған тарихы нысандарды есепке ала отырып, қайта қалпына келтіру ісін де қатар жүргізуді айтты.

    «Мынау көріп тұрғандарыңыз — Цитадель. Осының барлығын құртпай, жоғалтпай сақтауымыз қажет қой. Бұл 19 ғасырдың соңындағы суреттер.  Бұған енді бір жарым ғасыр өтті,  алайда біздің қорғанымыздан түк қалмаған. Ал жалпы тарихта   бір жарым ғасыр деген түк емес, ондаған ғасырларға сақтау керек.  Сондықтан түптен жойылмай тұрғанда,  дер кезінде осыны қолға алып, тиісті жұмыстарды  бастап  жалғастыруымыз қажет»,- деді аймақ басшысы.

    Бұл аумақ тарихи-мәдени орын болғандықтан, бұл маңға 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Сондықтан «Ескі қалашықтағы» жеке нысандардың жері алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтарылады.

    Осы ретте, облыс әкімі аумақта салынған жеке тұрғын үйлер мен ондағы дүкендерді басқа аумаққа көшіру жұмыстарын тыңғылықты түрде жүргізуді қала басшылығына міндеттеді.

    Қазір қала әкімдігі тарыпынан  ескі қала орнының аумағында археологиялық  парк-музейі, ашық аспан астындағы музей құру үшін  жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға және археологиялық жұмыстар жүргізуге қалалық бюджетінен  100 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.