Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Айдынды азамат Айтаханов – 70 жаста
    Жаңалықтар

    Айдынды азамат Айтаханов – 70 жаста

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов – 70 жаста. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ел ағасының мерейтойына арналған «Айдынды Азамат» атты шығармашылық кеші өтті. Шараның мақсаты қалың оқырманды Отанына адал қызмет етуге, әдебиетті сүюге баулу болып табылады.

    00006-mts-00_00_02_02-still001

    Елім деп соққан жүрегінің қалауын орындаған, адал тірлігінің арқасында өзінің өрнекті мектебін қалыптастырған, елінің құрметіне бөленген, халықтың қалаулысына айналған, қоғамдық өмірдегі толымды тұлға болып отырған, қашанда айтар сөзі бар Қуаныш Айтахановтың өмір жолы жастарға үлгі-өнеге.

    Оңтүстік өңірі ғана емес, Қазақстанның даму тарихында есімі ерекше аталатын тұлғаның жүріп өткен жолы өнегеге толы. Жетпіс жылдық ғұмырында – Қуаныш Айтаханов жастарды, партияны, ауданды да басқарды, Сенаторлыққа дейін көтерілді. Әр аймақта Айтахановтың қалдырған өз қолтаңбасы мен ізі бар.

    00018-mts-00_00_04_19-still001

    Қуаныш Айтаханов 1947 жылы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Отырар ауылдық кеңсесінде дүниеге келген. Бала Қуаныш мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде зерек, білімпаз болып өсті. Жігері жалын жеткіншектің қаламынан шыққан туындылары аудандық газеттерде  жиі жарияланатын. Бұл қиялы ұшқыр Қуаныштың журналист боламын деген арманына қанат бітіріп, болашақ мамандығына таңдау жасауға мүмкіндік тудырды. Қазіргі таңда ел ағасының «Елге қызмет – басты міндет», «Қызмет еттім халқыма», «Өмір белестері», «Ел мерейі жолында» , «Отырар жәдігерлері», «Сөз сұраймын» атты кітаптары ойлы оқырман қолында.

    00029-mts-00_03_23_00-still002

    00029-mts-00_03_41_04-still004

    00029-mts-00_03_46_14-still001

    Қуаныш Айтаханов ҚР Жоғары Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты,  ҚР Жоғары Кеңесінің сайлауы бойынша Арыс сайлау округінен ұсынылған, Шымкент облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты, ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеяның мүшесі қызметтерін атқарған. Айдынды азамат бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» және де «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.

    00047-mts-00_00_03_21-still001

    Елге аянбай еңбек еткен Қуаныш Айтаханов жүріп өткен жолын таразылай қарағанда жүрек тыныштығы сезіледі. Өйткені, оның қалдырған ізі тарихтың үлкен белестерінде, халқының жүрегінде мәңгілік сайрап тұр.

    Жансая Елемесова

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.