Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік Қазақстанның тарихи орындары қайта жаңғырмақ
    Жаңалықтар

    Оңтүстік Қазақстанның тарихи орындары қайта жаңғырмақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы — республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты.

    Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және тариxты таныту мақсатында өңірде, өткен ғасырларды сипаттайтын орындарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласынан кейін, өзіміздің тарихымызға құрметпен қарайтын кез келгенін айтқан аймақ басшысы бүгінгі басқосудың мақсаты да осы екенін жеткізді.

     «Оңтүстік Қазақстан облысы — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша және архитектуралық шешім мен жалпы туризмдерді көбейту, тарту концепциясы бойынша Оңтүстіктің өзінің бет-бейнесі болуы қажет. Ол қалай болу керек? Әр жерде әр түрлі болмауы керек. Яғни, Оңтүстік өңіріне келгенде сол орта ғасырлық қазақ даласының, қазақ архитектурасының, қазақ үйлерінің және тұрмысы мен өмірінің иісі шығып тұруы тиіс. Бұл жағынан бізде ескерткіштер жеткілікті. Енді, бәріміз бірлесе сол дүниелердің тарихи қалпын бұзбай ретке келтіру жұмыстарына жұмыла кірісуіміз  керек»,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

    Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшелері мен қоғамдық пікір кеңесшілері және белгілі сәулетшілердің басы қосылған кеңес мүшелерінің жиынында «Ескі қалашық» мәдени орталығындағы «Арбат» жобасы, «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру мен Үш бидің ескерткіші, «Флагшток»  жобасы, «Қазығұрт — Кеме қалған» тарихи — мәдени кешенінің жобасы сынды 8 архитектуралық жобалар қаралды.

    Мәжілісте кеңес мүшелері сәулетшілердің ұсынған Ордабасы тауында орнатылатын Үш бидің ескерткішінің макетін, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары бойынша жобасын және Шымкенттегі  ескі қала орнының аумағында археологиялық  парк-музейі, ашық аспан астындағы музей құру жобасын, сонымен бірге Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру бағытындағы жобалары мен макетін қызу талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

    Сонымен қоса, сәулетшілер Шымкент қаласы – 2020 жылы тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени орталығы деген атаққа ие болғанын,  сол жылы қаланың 2000 жылдық тарихы аталып өтілетін болады. Сонымен қатар, Шымкент «Жібек жолы» номинациясы бойынша әлемдік мәдени  мұра тізіміне де ұсынылып отырғанын айтып,  ескі қаланың құндылықтарын сақтай отырып, тарихымызды көрсете білуіміз керек деп өз сөздерін түйіндеді.

    Айта кетейік, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына  облыстан 104 нысан ұсынылды.  Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.