Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлем чемпионы Қайрат Ералиев Төлебилік жастармен кездесті
    Жаңалықтар

    Әлем чемпионы Қайрат Ералиев Төлебилік жастармен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Әлем чемпионы Қайрат Ералиев жалынды жастармен кездесті. Әсерлі жиын Төлеби ауданындағы  Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде өтті.

    00030-mts-still001

    Төлеби ауданы Абай ауылындағы Абай атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде оқушылар таң сәріден сап түзеді. Бүгінгі шараға тиянақты дайындалғандары көрініп-ақ тұр. Гамбругте өткен Әлем чемпионатында жеңіс туын желбіретіп, алтыннан алқа таққан Қайрат Ералиев  ең әуелі, аталған білім ордасының абыройын асырып жүрген жас спортшыларымен жүздесіп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Тарихы терең білім ордасы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде мұндай шараларды өткізуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары дәстүрге айналдырған.

    00028-mts-still001

    00026-mts-still001

    Әсерлі өткен кездесу кешінде жас толқындар әсем әндерін шырқап, ұлттық биімізді орындады. Былғары қолғап шеберіне арнаған әсерлі өлеңдерін оқыды. Әлем чемпионымен өткен еркін сұхбаттасу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды, өз кезегінде спорт шебері де  жастарға үлгі өнеге боларлықтай ақыл-кеңестерін аямады.

    Спорт — салауатты өмір салты. Сондықтан адам баласы спортты жанына мейлінше серік еткені абзал. Ал осы спорт саласында жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап жүрген спортшылардың еңбегін жастарға дәріптеу арқылы, олардың бойындағы  патриоттық рухын арттырып, спортқа деген қызығушылығын оятуға сеп болмақ.

    Шара соңында Абай атындағы білім ордасы Қайрат Ералиевке сый-құрмет көрсетті.

    Айзада Бидан

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.