Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тергеушілер бірқатар өкілеттігінен айырылуы мүмкін
    Жаңалықтар

    Тергеушілер бірқатар өкілеттігінен айырылуы мүмкін

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов ақтау үкімдері аз кездесетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Тергеуші іс бойынша материалдарды жинайды және оны дәлел ретінде таниды. Ал қорғаушы жағында мұндай құқық жоқ. Бұл өз кезегінде тараптардың бәсекелестігіне ықпал етпейді. Сондықтан деректерді дәлел ретінде тану немесе танымау тергеуші мен прокурорға емес, сотқа тиесілі болуы керек. Неге біз осыны маңызды деп санаймыз? Тәжірибеге сүйенсек, сот тарапы тергеу жинаған айғақтармен ғана шектелумен қатар, осы дәлелдердің мәртебесін қайта қарастыруға бейім емес. Соттың алдын ала дәлелдермен байланып қалғандығы — ақтау үкімдерінің тым аз болатындығының басты себебі», — деп атап өтті Жақып Асанов «Қазақстандағы сот билігінің тәуелсіздігі және сот әкімшілігі мәселелері» атты халықаралық конференцияда.

    Мұнымен қоса ол Сенатта талқылауға енгізілген заң жобасында прокуратура мен сот арасындағы өкілеттік нақты айқындалғанын сөз етті.

    «Біз ешбір даусыз сотқа тиісті өкілеттікті бердік. Енді дәл осындай қадамды тергеу мен прокуратура арасында іске асыру қажет. Неге? Бүгінде тергеуші істің басынан, оны сотқа өткізуге дейін өзі би, өзі қожа. Ол өзі материалдарды жинайды, оны дәлел ретінде таниды, өзі күдіктілікті айқындайды. Сондай-ақ тергеуші істі Қылмыстық кодекстің тиісті бабына бейімдеп, айыптау актісін шығарады немесе қылмыстық істі тоқтатады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше ешбір елде, ең дамыған 30 елде осындай құқық пен өкілеттік тергеуге берілмеген», — дейді Ж. Асанов.

    Айта кетейік, аталған жиын барысында ол прокуратура органдары көптеген дауларға қатысудан бас тартқанын жеткізді. Бұл қадамдар өз кезегінде қылмыстық процеске көбірек назар аударуға мүмкіндік берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.