Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік органдардың журналистік сауалға жауап беру мерзімі қысқарды
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік органдардың журналистік сауалға жауап беру мерзімі қысқарды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Бұдан былай мемлекеттік органдар журналистердің ресми сауалына 7 күн ішінде жауап беруге міндетті болады. Мәжіліс депутаттары осындай өзгерісті көздейтін заң жобасын мақұлдады.

    Бұған дейін өткен төменгі палата отырыстарында «БАҚ туралы» заңның жай-жапсары талқыланып, бірқатар толықтырулар енгізу үшін екінші оқылымға қалдырылған еді. Осыны ескерген үкімет, мемлекеттік мекемелердің журналистік сауалға қысқа мерзімде жауап беру ұсынысын қолдап, заң жобасын жетілдірді. «Оған қоса қандай да бір оқыс оқиға кезінде керекті ақпарат 3 сағаттың көлемінде берілуі тиіс» дейді Мәжіліс депутаттары.

    Айта кетейік, құжатқа енгізілген тағы бір жаңашылдық – балаларға арналған бағдарламалар арасында жарнама мүлдем көрсетілмейді.

    Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

    — Адам өміріне қауіп төнетін жағдай болғанда мемлекеттік органдар оқиғаның жай-жапсарына қатысты мәліметтерін 3 сағаттың ішінде жариялауы тиіс. Бұл кез келген ақпарат көзінен жылдам әрі дәлме-дәл дерек алуға мүмкіндік береді. Мұндай талап елімізде алғаш рет заң жүзінде енгізіліп отыр. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: — Жаңа заңнама бойынша балаларға арналған бағдарламаларда, білімге арналған бағдарламаларда жарнама болмайды.

    Дереккөз: 24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.