Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мәжіліс: Үнемделген қаржыға жаңа жолдар салынады
    Жаңалықтар

    Мәжіліс: Үнемделген қаржыға жаңа жолдар салынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қарыз туралы келісімге №2 түзетулерге қатысты Қазақстан мен ХҚҚДБ арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «1056 шақырым болатын Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы учаскелерді қайта салу үшін негізгі қаражат туралы келісімге 2009 жылы 13 маусымда қол қойылды. Сонымен қатар 80 шақырым болатын Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы жолын салуға жаңа учаске қосылып, 2013 жылы 23 мамырда қарыз туралы келісімге қатысты №1 түзетуге қол қойылды. Қазіргі уақытта аталған учаскелерде құрылыс жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді. Конкурстық рәсімдердің нәтижесі, сондай-ақ ұлттық валютаның девальвациясынан кейін үнемделген қаржы қалды. Жалпы, үнемделген сома 359 млн АҚШ долларын құрады», — деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндамасында.

    Оның сөзіне қарағанда, Үкімет үнемделген қаражат — 271,2 млн долларды «Күрті-Бурылбайтал» (85 шақырым) және «Ұзынағаш -Отар» (96 шақырым) учаскелерін қайта салуға жұмсауға шешім қабылдады.

    «Аталған қаражат ұзындығы 181 шақырымдық асфальтбетонды төрт жолақты жолды, 14 көмір мен 181 су өткізгіш құбыр құрылысына жұмсалатын болады. «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш -Отар» учаскелерінің жобаларын үнемделген қаражат есебінен іске асыру көзделген. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған», — деді Ж. Қасымбек.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.