Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікқазақстандық делегация Мәскеуге жолға шықты
    Жаңалықтар

    Оңтүстікқазақстандық делегация Мәскеуге жолға шықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.11.2017Updated:22.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақ елінің қатпарлы тарихында ел үшін жанын пида еткен асылдарымыз. Жиырмасыншы ғасырдың басында ортақ мүдде жолында ой біріктіріп, тізе қосқан қазақтың зиялы шоғыры ұлтын өрге сүйреп, ел мүддесін көкседі. Олар қазақ даласында тұңғыш дербес саяси Алаш партиясын құрып, қызыл империядан қаймықпай күресіп, тәуелсіздік жолында құрбан болды. Сондықтан да әрқашан да ұлы тұлғалар Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Әлихан Бөкейханов секілді ұлт зиялыларының есімін ұлықтау парызымыз.

    «Айғақ» телеарнасының рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі оқшау жаңа туындысы Ресей мемлекетінде жүзеге аспақ. Осы мақсатта, ОҚО-нан 18 адамнан құралған делегация қараша айының 21-ші жұлдызында  Шымкент қаласынан Ресей астанасына жол тартты.

    Делегация құрамында: ОҚО мәслихатының депутаты, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Бәшенов, ОҚО мәслихатының депутаты Лесбек Тәшімов, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, «Ұстаз нұры-информ» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе, «Қоғамдық келісім» мекемесінің Шардара ауданындағы төрағасы Қыстау Ілесов, еңбек ардагері, Махмудбек Мұхамедов, ОҚО Өзбек драма театрының директоры Икрам Хошимжанов, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов музейінің директоры Лесбек Махмудов, Созақ ауданы С.Қожанов музейінің директоры Ниязәлі Дүйсенбек, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлу Тулеева, Түркістан қаласы Н.Төреқұлов музейінің меңгерушісі Динара Керімбекова,  Бәйдібек ауданы «Шаян» газетінің бас редакторы Абзал Әділбеков, Созақ ауданы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Мейрам Әлмаханов, «Біз біргеміз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Абай Аңдабаев және «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы бар.

    Елдің еңсесі мен рухын көтерген рухани жаңғыру аясында делегация мүшелері қазақ қайраткерлері жерленген, Мәскеудегі Коммунарка зиратына барып, Құран бағыштайды. Қазақтан шыққан ұлы тұлғалар жайында  «Айғақ» телернасы құнды хабарлар әзірлейді.

    Ендеше, атамекеннен алыста бакилық болған арда азаматтардың сан-салалы мұрасын насихаттап, ұлттық сананы көтеріп, ұрпақ бойына сіңіруді мақсат тұтқан арнамыздың  рухани дүниеге толы кезекті жобасын жуырда көгілдір экрнаннан күтіңіздер.

    «Айғақ-ақпарат».

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.