Оңтүстік Қазақстан облысына «Elit Metalurji» мен «Bilsa Kalıp» түрік компанияларының басшылық құрамы жұмыс сапарымен келді. Аталған компаниялар медицина, қару-жарақ, машина жасау және өзге де өндірістер саласында қолданылатын нәзік және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады. Сапардың басты мақсаты — өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату. Түрік кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесіп, аймаққа инвестициялау мүмкіндігі мен бірлескен жобалар құрудың жайын талқылады. Делегаттар «Karlskrona» және «Дезфумэкс» компанияларының өндірісімен танысып, жергілікті компаниялармен құю өндірісінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. ОҚО-ға сапары кезінде кәсіпкерлер «Оңтүстік» және «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысты.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...