Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты
    Жаңалықтар

    Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

    Астана клубының отырысында РҒА Қиыр Шығыс институтының директоры Сергей Лузянин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы сұрақ қойды.

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның теңізге шығатын жолдары жоқ екенін атап өтті. 1991 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде жолдардың барлығы Ресейге бағытталған еді. «Біз ең алдымен Қытайға қарай теміржол салып, өз саудамызды кеңейттік. Біз инфрақұырылымды қолға алуға тиіс едік», — деді ол.

    Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында 2 бесжылдықта 7,5 мың шақырым жол салынған. «Бірінші бесжылдықтың өзінде-ақ Қазақстандағы барлық әуежайды ретке келтірдік, Каспий теңізінің жағасына екі заманауи теңіз портын салдық. 2015 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет біздің университетімізде «Бір белдеу — бір жол» жоспарын жариялады. Жоспар мен біздің бағдарлама бір-бірімен керемет сәйкес келді. Әрине, біз осы жолды қолдадық», — деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстанға ҚХР-дан екі теміржол келетінін тілге тиек етті. Қытай шекарасынан Еуропаға Қазақстан арқылы өтетін 3 мың шақырым бірінші санатты автотрасса салынды.

    «Біз ұлан-ғайыр дала төсін қақ жарып өтетін теміржол магистралін салдық, Қытайдан Каспий теңізіне дейінгі 1 500 шақырымға созылған жол небәрі екі жылда салынды. Түркіменстан — Иран арқылы өтетін Парсы шығанағының Бәндәр-Аббас портына баратын, одан Үндістанға шыға алатын теміржолды салдық. Біз, міне, осындай шараларды қарастырдық. Тәуелсіздікті алған жылдары Қытаймен арадағы сауда нөлге тең болды. Қазір ол 15 млрд долларға жетті. Бұрын Қытайдан шыққан контейнерлер ешқашан Еуропаға жеткізілген емес, тек өткен жылдың өзінде контейнерлермен Қытайдың шығыс провинцияларынан Еуропаға 4 млн тонна жүк тасымалданды», — деді Назарбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.