Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Әуезов әлеміне саяхат» атты шығармашылық кеш өтті
    Жаңалықтар

    «Әуезов әлеміне саяхат» атты шығармашылық кеш өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2017Updated:16.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл заманымыздың  заңғар жазушысы  Мұхтар Әуезовтің туғанына – 120 жыл. Бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясы дүниежүзі классикасынан ойып орын алған, әлем таныған Әуезовтің мерейтойы туған жерінде кең көлемде тойлануда. Бүгін сол дәстүрді сақтай отырып, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен кемеңгер жазушының ұлы Мұрат Әуезовпен «Әуезов әлеміне саяхат» атты шығармашылық кеші өтті. Шараның мақсаты кешегіні келешекпен байланыстыра отырып, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқуды насихаттау болып табылады.

    00005-mts-still001

    Күллі қазақтың атынан үн қатып, ғасырларға сын бермес мұралар қалдырған Мұхтар Әуезов әлі де бізбен бірге ғұмыр кешуде. Қазақ елінің маңдайына біткен кемеңгер жазушының 120 жылдығына орай ұлы Мұрат Әуезов естеліктерімен, ойтолғауларымен бөлісіп, оқырмандарымен жүздесті. Мұрат Әуезов – мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Тарлан», «Алтын жүрек», «Алтын асық», «Алтын адам» премияларының лауреаты. Кеш барысында белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысов Мұхтар Әуезовтің қайраткерлігіне тоқталып, шығармашылығы жайлы сыр шертті. Қаламгердің айтуы бойынша, Әуезов  әрқашан әлем әдебиетінің басында тұруы тиіс. Мұхтарды тек Әуезовтанушылар ғана зерттемей, бүкіл қазақ, бүкіл түркі жұрты тануы керек. Себебі, ол заманда толқынды тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің  баға жетпес меруерт-маржандарын қалдырды…

    Жансая Елемесова

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.