Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сәбит Досановтың шығармасы өзбек драма театрында сахналанды
    Жаңалықтар

    Сәбит Досановтың шығармасы өзбек драма театрында сахналанды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың  лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досанов Оңтүстікке келді. Қазақ сөз өнерінің қабырғалы қаламгерін облыстық өзбек драма театры арнайы шақыртқан. Себебі дәл сол өнер ошағы Сәбит Досановтың шығармасын сахналап отыр. «Қасқыр ұлыған түн» атты драмада қиын тағдыр мен көрерменді ойландыратын оқиғаның желісі жатыр.

    00002-mts-still001

    Театрдың сахнасында қойылған бұл романда жазушы Сәбит Досанов өзінің бастан кешкен оқиғасын жазған. Атақ алып, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген қаламгер бір-ақ күнде трагедияға тап болады. Отау құрғалы тұрған 21 жасар Данияр есімді ұлы қаза тауып,  әкенің қабырғасының қайысуы ең сорақы қасірет. Шығарманың ерекшелігі жазушы тек қайғы-қасірет жазумен шектелмейді, өмірдің қиындығымен күресуді көрсеткен.

    00034-mts-still002

    Қасқыр мінезді қазақ тарихтың талай тауқыметінде мойымаған. Керісінше жігерленіп, кең пейілділікке салынған. Міне сол қасиет спектакльде байқалып тұр. Облыстық өзбек театры осы туындыны өзбек тіліне аударып, көрерменге жеткізуді мақсат тұтыпты. Жазушы Мехмонқұл Исламқұловтың аудармасы жиылған көрерменнің көзіне жас алдыртып, алдағы күнге үміт сыйлады.

    Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған мемлекеттік қызметкерлер бұл қойылымды жазушымен бірге көрді. Сан рет ажалдан амал қалып, тағдырдың тосын тауқыметін бастан кешкен жазушы Сәбит Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» атты шығармасы осылайша алғаш рет сахналанып отыр. Енді өзбек драма театрының репертуарына ілініп, талай көрерменге рухани азық болмақ.

    Бағлан Байкөбекқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.