Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасау азайып келе жатыр
    Жаңалықтар

    Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасау азайып келе жатыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы бүгін Мəжіліс құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мəселелері жөніндегі заң жобасын қарау барысында Бас прокурор Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    Жақып Асанов тергеу органдары қылмысты тез ашамыз деп артық кетуі мүмкін екендігін жеткізді.

    «Тергеу барысында құқыққорғау органдарының билігі, құзіреті көп. Ол адамның жәңгімесін жасырын тыңдай алады, жүріс-тұрысын шектейді, қамай алады, аңдиды, мүлкіне тыйым салады. Мұндай билік кез келген мемлекетте бар. Бірақ құқыққорғау органдары қылмысты ашамыз деп артық кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан заңның басты міндеті – осындай заңсыздыққа тосқауыл болу. Адамның құқығын және қылмыспен күресу арасындағы балансты ұстап тұру керек. Сол себепті елдегі ахуалға байланысты қылмыстық заңға әр мемлекет өзгеріс енгізіп тұрады. Мысалы, АҚШ-та терроризм көбейді. Сол үшін Патриотизм актісі деген арнайы заң қабылдады. Ол арқылы құқыққорғау органдарының құзіретін күшейтті, ФБР-ға, ЦРУ-ға бірақ өкілеттік берді. Еуропа елдері де тиісті шара қолданады», — деді ол.

    Сондай-ақ, Бас прокурор 20 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, елімізде аса ауыр қылмыс көрсеткіші азайғанын мәлімдеді.

    «90 жылдары қылмыс өршіп тұрды. Сонда біз құқыққорғау органдарын күшейттік. Елбасы қылмыспен күресуді өз қолына алды. Соның нәтижесінде 96 жылдан бастап адамға қарсы жасалатын аса ауыр қылмыстар жыл сайын азайып келеді. Мысалы, 80 жылдарды Кеңес кезеңіндегі ең керемет кезі деп есептейміз. Қазір сол көрсеткішпен салыстырғанда, кісі өлтіру екі есе азайды. 90 жылдары КСРО колонияларында 105 мың адам отырса, қазір үш есе қысқарып, 35 мың адам отыр. Сол жылдары әлемде жүз мың адамға шаққанда үшінші орында болдық. Қазір 70-орында тұрмыз», — деді Жақып Асанов.

    Бас прокурор бұрын ақпарат жабық болғандықтан, қылмыс аз болып көрінген. Қазір ешкім жасырмайды, сол себепті қылмыс та көп болып көрінеді.

    «Еліміздің құқыққорғау саласында жақсы өзгерістер болып келеді. Бірақ барлығы қазір қылмыс көп, бұрын аз еді деп есептейді. Себебі, қазір қылмыс туралы ақпарат тез тарайды. Өйткені қазір бәрі – ашық, бұрын жабық еді. Халық көп нәрсені білмейтін. Бір қылмыс болса, интернетте жылдам тарап, ел болып талқылаймыз.

    Ал, енді екінші жағынан. Статистика баяғыдай өтірік емес. Бұрын аса ауыр қылмысты жасырса, әрі кетсе, сөгіс беретін. Қазір ол үшін соттайды. Талай әріптесіміз сотталды. Сондықтан қазір оған көп бара бермейді. Менің айтайын дегенім, қазақстандықтардың өмірі қауіпсіздік жағынан жылдан жылға жақсаруда. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты ауыр қылмыстар азайып жатыр», — деп түйіндеді ол.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.