Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Қалай арыламыз?» Асанов құқық қорғау саласындағы ауруды айтты
    Жаңалықтар

    «Қалай арыламыз?» Асанов құқық қорғау саласындағы ауруды айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау органдары саласы қызметкерлерінің санасына сіңіп қалған жағымсыз әдеттер туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz .

    «Экономикаға қатысты күрделі бір мәселе – құқыққорғау органдарында ескі бір ауруымыз бар. Өзімізді қылмыстық істің қожайыны деп санаймыз. Қылмысқа тартылып жатқан адамның тағдыры менің қолымда деп кеудемізді ұрамыз. Ол Кеңес Одағынан келе жатқан көзқарас, қанымызға сіңген әдет, қалыптасқан менталитет. Мен оны мойындаймын. Өйткені мен 86 жылдан бері құқыққорғау органдарында жұмыс істеймін. Осы ауруды қалай емдеу керек. Біз соны көп қарадық. Шетеге бардық. Бірақ оның шешімін Елбасы өзінің Жолдауында айтты, тапсырма берді. Ол – қылмыстық процесті цифрлық форматқа ауыстыру. Сауд Арабиясында, Түркияда, Грузияда, Литвада болдық. Осы мемлекеттер өздерінің қылмыстық процесін 10-15 жыл бұрын цифрлық форматқа ауыстырған. Оларда да осындай проблема болған. Олардың қызметкерлерін де осындай әдет болған. Жеке өзім Сауд Арабиясының бас прокурорының қабылдауында болып, өз көзіммен көрдім», — деді Асанов.

    Ол басқа елдер сияқты қылмыстық істі цифрлау қажеттігін айтты. Мұның маңызын бас прокурор былай түсіндірді.

    «Біз әріптестерімізді қателіктен сақтап, түрмеден қорғаймыз. Өкінішке қарай, істі болып жатқан әріптестеріміз өте көп. Мәселен, бір жылда ұстаған прокурорлардың көптігі сонша, біз 15 жылда мұнша прокурорды ұстаған емеспіз. Бізге бұл оңай емес. Бірақ солай істеуге тиіспіз. Бас прокуратураға арыз жазса, біз істі аймақтан сұраймыз. Ол бізге жетуі үшін екі апта керек. Сосын тергеуші де барлық құжатты жібермейді. Өзінің кемшіліктерін жасыру үшін ол кей құжаттарды алып қалады. Сосын мен оған сене алмайтынымды, кей фактілер мен дәлелдер оның сейфінде қалғанын айтам. Цифрлы формат ең әуелі қылмыстық істе тәртіп орнатады, осылайша қызметкерлердің санасында өзгеріс болады», — деді ол.

    Жақып Асанов осы арқылы жұртшылықтың сеніміне ие болуға мүмкіндік туатынын айтады. Бас прокуратура 2018 жылы қылмыстық процесті түгел цифрлауды жоспарлап отыр.

    «Арыз келіп түскен уақыттан бастап, тергеу барысы, істің сотта қаралуы және жазаның орындалуына дейін қамтимыз. Яғни әрбір іске қатысты сот алды тергеуден бастап, немесе жазасын өтеуге кеткенге дейінгі бүкіл процесс цифрланады.Осы бағытта көп жұмыс жасап жатырмыз. Елбасының тапсырмасымен қазір бюджеттен қаржы сұрамай, прокуратураға IT мамандарды алдық. Қазір пилоттық жоба алты облыста іске асырылып жатыр. Соның аясында 200-дей санкция тікелей электронды форматта алынды. Психо, наркодиспансерлер бұрын кезекке тұрып күтетін, қазір жылдам алып жатыр. Ең алдымен, бұл қағаз сияқты жоғалып кетпейді. Қылмыстық іс жоғалып кетпейді. Бір жапырақ қағаз үшін қаншама шығын келеді. Ал, цифрлық форматтың ерекшелігі – адамның құқығын қорғайды. Өйткені, барлығы алақандағыдай анық көрінеді. Халықаралық стандарттарға сай», — деді Асанов.

    Мәжілісте талқыланып жатқан құқыққорғау қызметінің процессуалды негіздерін жаңғырту мәселелеріне байланысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР ҚПК, «Шұғыл іздестіру қызметі туралы», «Прокуратура туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Ұсынылған түзетулер қылмыстық процесте азаматтардың қорғаныш деңгейін жоғарылатуға, қылмыстық істерді тергеу процедураларын жеңілдетуге, адвокаттардың процессуалды мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процесте жарыспалылықты жоғарылатуға, сотқа дейінгі кезеңде сот бақылауын одан әрі кеңейтуге бағытталған.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.