Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Ontustik Tourism. Invest 2017» форумы өтуде
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Ontustik Tourism. Invest 2017» форумы өтуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.11.2017Updated:15.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте алғаш рет «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» Халықаралық фестивалі аясында екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік және инвестициялық форумы өз жұмысын бастады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ОҚО әкімдігі ұйымдастырған іс-шарада  туризм саласындағы әлеуетті жобалар таныстырылып, оларды жүзеге асыру жолдары талқылануда. 

    2017-11-15-photo-00000035

    Форум жұмысына ҚХР — нан бір топ делегаттарды бастап Турзим жөніндегі мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Ду Цзянь мырза келді. Мұнан өзге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің төрайымы, сонымен қатар Халықаралық туризм ұйымдарының өкілдері, Халықаралық және қазақстандық туроператорлар, инвестициялық компаниялар, шетелдік және қазақстандық БАҚ жалпы саны 500-ге жуық адам қатысуда.

    2017-11-15-photo-00000038Оңтүстік өңіріне қош келдіңіздер деген облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінгі таңда мықты экономикалық әлеуеті бар, тұрақты дамып келе жатқан өңір екенін атап өтті.

    2017-11-15-photo-00000037Сонымен қатар әкім Оңтүстікке келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 1, 2 және 3 күндік туристік маршруттар әзірленіп, аталған маршрутқа 84 тарихи-мәдени объектілер мен табиғи орындар енгізілгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш яғни, Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері Оңтүстік өңірінде орналасқанын айтты.

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шарада туризм саласындағы әлеуетті жобалар таныстырылып, оларды жүзеге асыру жолдары талқылануда. Сала мамандарының басы қосылған жиында сонымен бірге Ұлы Жібек жолында туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері мен Жібек жолы бойындағы туристік өнімдерді дамыту, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және инвесторларды тарту жайы қаралмақ. Сондай-ақ, қатысушылар әлеуетті серіктестермен В2В форматында кездесулерге қатысып, отандық және халықаралық деңгейдегі сарапшылармен сұхбаттасатын болады. Келуші қонақтар сонымен бірге Қазақстанның Жібек жолына арналған фотокөрме, «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесін тамашалады.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.