Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт Түймебаев оңтүстік ардагерлерімен кездесті
    Жаңалықтар

    Жансейіт Түймебаев оңтүстік ардагерлерімен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.11.2017Updated:15.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Елбасының осыдан тура 7 ай бұрын жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы жұмыстар орындалу барысында Оңтүстік республикаға үлгі болуы қажет. Осылай деген облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бүгін облыстың белді ардагерлері, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік»  тақырыбында бас қосқан өңірдың қазыналы қарттары мақаланың шарапатын айта отыра, оның ел үшін пайдасының орасан зор екендігін жеткізді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды атқаруда ардагерлерде белсенділік танытып, жаңғыруымыз қажетпіз дейді.

    11

    04 «Ардагерлер біздің алтын қазынамыз, олар біздің мақтанышымыз». Басқосуды осылай деп қарияларға жылы шырай танытып ашқан аймақ басшысы Елбасы мақаласының аясында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасын саралап өтті. Тарқатар болсам, өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы бағыттарда облыста өсім жоғары.  Соның ішінде, туризм саласы қарышты даму үстінде. Мәселен, жуырда облыс басшысы Қазығұрт тауының биігіне арнайы барып қайтыпты.  Ол жақта енді Нұх пайғамбардың кемесі секілді  үлкен ақ ескерткіш  қойылмақ, бүгінде оның жоба-сызбалары әзірленіп жатыр. Ал, Ордабасы тауында үш бидің алып ескерткіші қойылады. Мұның барлығы да, Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясындағы құнды дүниелерді жаңғырту болып табылмақ.

    05

    09

    Ия, оңтүстіктің рухани жаңғыруда қосып жатқан үлесі аз емес. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасы аясында 529 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолға алынып, облысымыздың түкпір-түкпірінде қанат қақпақ. Бұл да өз кезегінде рухани жаңғыруға қосқан ел перзенттерінің үлесі.

    02

    Бағдарламалық мақала аясында мәдениетіміз бен әдебеиетіміз жандану үстінде. Киелі Түркістан қаласындағы Яссауи кесенесі, одан бөлек Ұлы Жібек жолының бойындағы ескерткіштерімізді жандандырып, туристік бағытты артыруда да біршама маңызды жұмыстар атқарылмақ деген аймақ басшысы өңірімізде түсіріліп жатқан көптеген хабар, көркем фильмдер рухани жаңғырудағы үлкен бастама деп біледі.

    08

    Елбасы мақаласы аясында Оңтүстік бәріне үлгі болуы керек. Өйткені мұнда көптеген жоғарғы оқу орындары, Халық Ассамблеясы, Қазақстандағы №-3- цирк, дендросаябақ, зообақ, бұл жалпылай алғанда Оңтүстік потенциалының жоғары екендігінің айғағы. Жансейіт Түймебаевтың жалынды сөздерін жалғаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов  өңірдегі ардагерлерге мейлінше белсенді болып, қарияларға қолдау танытуды сұрады.  Яғни, қариялардың бірқатар негізгі проблемаларын әкімге жеткізді. Жиында сөз алған ардагерлердің басым бөлігі Елбасы мақаласының аясында жұмыстардың қарқынды жүріп жатқандығын, ол істе ардагерлердің қосып жатқан үлесі ауқымды екендігін баян етті.

    03

    «Қариясы бар, ел қазынасы бар». Бұл азаматтар елімізге, еңбегі сіңген ардагерлер, сан саланың кіл мықтылары. Еңбектің дәмін татқан ардақты жандар. Сондықтанда, қайбір істің басында болмасын олардың асқан ақылы мен кеңесі, жас толқын үшін аса қажет. Әрі рухани жаңғыруға бет алған жас буынға өмірлік азық болары сөзсіз.  

    Ұлы дала елінің болашағы жарқын болсын десек, бірлесе жұмыс жасау керек. Барша жанды адал еңбек етуге шақырған Жансейіт Түймебаев жаңадан тағайындалған қала әкімін таныстыра өтті.

    Міне, Елбасы мақаласы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып, рухани жаңғыруға қолдау таныту қажет. Облыс әкімінің ұсынысна ардагерлер қауымы да қолдау танытып отыр.

    Мұнан соң жиын сұрақ-жауап үлгісіне көшті. Кездесу соңында облыс әкімі барша ардагерлерге сый – сияпат жасады.

    Ұлдархан Уәлиханқызы

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.