Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Халық қалаулысының қайырымды ісі
    Жаңалықтар

    Халық қалаулысының қайырымды ісі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2017Updated:14.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Сондықтан, туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарау – шынайы патриотизмнің белгісі. Осы ретте өзі туып өскен Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылына  ұдайы қолдау көрсетіп, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп жүрген азаматтардың бірі ОҚО  мәслихатының  депутаты Өркен Есейұлы.  Халық қалаулысы кіндік қаны тамған ауылына арнайы келіп, кезінде өзі білім алған мектептің  ұлағатты ұстаздарымен қауышты. Сондай-ақ, қолы ашық іскер азамат бұл күні аталмыш білім мекемесінің оқушылары үшін мектептің лингафонды сыныптарына арнап  өз атынан 20  жаңа компьютерді тарту етті.

    sequence-01-still005

    sequence-01-still004

    Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаты – отаншылдық сезімнің әрдайым жоғары тұруы керектігін баршаға жеткізу болып табылады.  Себебі патриотизмнің  Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатындығы белгілі. Ал Туған жер – әр адам шыр етіп дүниеге келген жері. Осы орайда өзінің кіндік қаны тамған ауылға көмек көрсетуді азаматтық парызым деп санайтын облыстық мәслихат депутаты  Өркен Есейұлы Машат ауылындағы бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Осы орайда туған өлкеге кезекті мәрте табан тіреген халық қалаулысы бұл жолы кезінде өзі білім алған ауылдағы М. Әуезов атындағы ЖОМ-де болып, білім ұясының бүгінгі жай-күйімен танысты. Айта кету керек, Өркен Есейұлының марқұм анасы Қалия Қабылбекова да кезінде мұғалім болып еңбек еткен. Сондықтан мектептегі ағылшын тілі пәніне арналған бір сыныпқа талай шәкірт тәрбиелеген ұлағатты жанның   есімі берілген. Бұл күні анасының есімімен аталатын сыныпта да болған облыстық мәслихат депутаты, мұнан соң білім ұясында ұйымдастырылған салтанатты шараға да қатысты.

    sequence-01-still002

    М. Әуезов атындағы ЖОМ-де ұйымдастырылған шара бұл күні ұлағатты ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі» Битанова Сұлушаш Ахметқызын зейнеткерлік жасқа толуына орай құрметті демалысқа шығарып салуға арналған болатын. Яғни ауыл метебінде талай жыл еселі еңбек еткен  Сұлушаш Ахметқызы оқытқан шәкірттер арасында бүгінде бірқатар елге белгілі азаматтар да бар. Солардың бірі облыстық мәслихат депутаты Өркен Есейұлы. Өз кезегінде сөз алған халық қалаулысы кезінде сапалы білім мен саналы тәрбие берген оқу ордасындағы ұлағатты жандарға шексіз алғысын білдіріп өтті.

    sequence-01-still001Өз сөзінде туған жерге қызмет ету азаматтық парызым әрі міндетім деп атап өткен депутат  бұған дейін де Машат ауылының тұрғындары үшін талай игі істердің ұйытқысы бола білді. Айталық іскер азамат ауыл балалары үшін өз есебінен спорт кешені мен балабақша салып берсе, ол нысандар бүгінде сапалы   қызмет көрсетіп келеді. Ал бұл жолы да  мектеп оқушылары үшін лингафонды сыныптарға  жаңа 20 компьютер тарту ететіндігін жеткізген халық қалаулысына мектеп ұстаздары мен оқушылырдың айтар алғыстары шексіз.

    0132d1-still001Туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарау – шынайы патриотизмнің белгісі. Ал іскер азаматтардың ел үшін жасап жатқан мұндай үлгі аларлық әректтері  жастардың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны анық.

    Абай Омар

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.