Оңтүстікке келген туристердің саны соңғы алты айдың ішінде 128 мың адамға, яғни 55 пайызға өскен. Бұл жергілікті кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы берген мәлімет. Яғни өңірдің тарихи, мәдени орындарын мейлінше насихаттаудың нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткізілген. Шетелдік туристерді тартатын тағы да ауқымды шараның бірі қаламызда 15 мен 16 қараша аралығында өтпек. Ол Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат фестивалі аясындағы «Оnrustik Tourism. Invest 2017» Халықаралық туристік инвестициялық форумы. Оған Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Алматы қаласында бастау алған шара Жамбыл облысында жалғасып, Оңтүстікте қорытындыланбақ.
Айзада Бидан