Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әсемдікті көзбен емес, көңілмен сезінгендер
    Жаңалықтар

    Әсемдікті көзбен емес, көңілмен сезінгендер

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.11.2017Updated:13.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Айналадағы әсемдікті көзбен емес, көңілмен ішкі түсікпен сезініп көруге болады. Мұны бүгін көз жанарынан айырылған зағип жандар дәлелдеді. Тағдырдың сындарлы сындарына еш мойнымай, бойын тіктеген өнерпаздар бүгін Облыстық филармонияда бас қосты.

    00112-mts-00_00_03_05-still001Үш аталым бойынша өткен фестивальда қатысушылардың жас ерекшеліктеріне, өнеріне ешқандай шектеу қойылмаған. Яғни кез-келген үміткер халық әндерін шырқап, поэзиядан да сыр шертуіне мүмкіндігі бар. 00131-mts-00_00_02_20-still001Орақ тілді, от ауызды ақындардың жырларымен сусындап өскен қатысушының бірі Перизат Уйсінбаева. Екі баланың анасы, көру қабілетінен тұрмысқа шыққан сәтте айырылғанын айтады. Қайғылы оқиғаға дейін, мектепте мұғалім болып, оқушыларды сапалы білім нәрімен сусындатып келген. Тағдырдың тәлкегіне түссе де, өмірге деген құлшынысы бір мезетте де сөнбепті.

    «Жаса, Қазақстаным!» әнін орындап, көпшілікке ерік-жігер сыйлаған 7 жасар өнерпаз Айбын Жұмабеков. Сайрам ауданының тумасы, туылғанынынан екі жанарынан айырылған екен. Бала көңілімен бал-бұл жанған жүзі, бақытты күлкісі кез-келген жанның жүрегін елжірететіні анық.  Десе де, қам көңіл балғынның рухы биік, арманы асқақ!

    Бүгінгі күні Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада 6 мыңнан астам оқырман бар, оның тең жартысы 1-2 топтағы мүгедек жандар. Алайда аталған орталық, қамкөңіл жандардың жанын бір сәтте  жабырқатпай, олардың танымдық көзқарасын кеңейту, интеллектуалдық кабілеттерін артыру жолында, көптеген игі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Соның айқын дәлелі бүгінгі өнерпаздар додасы болмақ.

    Айзада Бидан

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.