• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-дағы қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай қол жеткізгенін айтты

13.11.2017
0

Еңбек жолын шопан боп бастаған  шенеунік бүгінде Сарыағаш ауданының әкімі. Үш жүз мыңнан астам халықты басқарып отырған мемлекеттік қызметкер артынан ерген қауесет пен сыни пікірлерге қалайша төтеп беріп жүр? Бала тәрбиесінде қандай тактиканы ұстанады?

— Қайрат Аманкелдіұлы, өзіңіз басшылық ететін Сарыағаш өңірдегі проблемадан көз ашпайтын аудандардың бірі екені белгілі. Әкімдік «креслоға» отырғаныңызға бір жылдан астам уақыт өтті. Не өзгерді?

— Иә, оныңыз рас. Бізде әлеуметтік проблемалар шаш етектен. Себебі халық өсімі жоғары. Өсім бар жерде, проблема да таусылмайды. Қазіргі таңда аудандағы әлеуметтік мәселелердің тек 40 пайызы ғана шешілген. Оның басым көпшілігі жер дауы. Алдағы 2-3 жылдың көлемінде бұл көрсеткішті 80-90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз, ол кезде жер дауы толығымен шешіледі. Мектеп мәселесі де басты проблемалардың қатарында екенін жасырмаймын. Өйткені бізде жылына 8,5-9 мың бала дүниеге келеді. Алдағы екі жылда осындай қарқынмен жұмыс жүргізсек, мектеп тапшылығы мәселесін шешуге болады. Қазір аудан бойынша 19 ауылға газ жүйесі жүргізіліп жатыр. Жарық мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. 80 көше асфальт төселуде. Біз барлық проблеманы бір мезетте шешіп тастай алмаймыз. Ол қыруар қаржыны қажет етеді. Барлық ауылдарды тепе-теңдікке ұстай отырып, жұмыс жүргізіп жатқан жайымыз бар. Тек әлеуметтік мәселе емес, спорт пен мәдениет салаларына да жіті назар аударып келеміз. Сабақтан тыс кезде балаларымыз уақытын тиімді өткізуі қажет. Бұл бойынша спорттық алаңша салу жұмыстары қарқын алып келеді. Мәдениет үйлеріне де көңіл бөлінуде. Тек ғимарат салып қана қоймай, қажетті жабдықтар, киім кешекпен қамту жағдайы да назардан түспейді.

 

— Бұл қызметке келмес бұрын 110 мыңнан астам халқы бар Түлкібас ауданын басқардыңыз. Қазір Сарыағашта 300 мыңнан астам тұрғын бар. Оның үстіне көпұлтты аудан. Басқару қиын емес пе?

— Халық көп жерде атқарылатын жұмыс та көп болады. Мұқтаждық та соған сай жүреді. Бізбен көршілес жатқан аудандағы әріптестерім (автор: әкімдер) қабылдауда 7-8 адамды қабылдаса, бізде 40-50 адам келеді. Бірақ менің олармен жалақым да, жұмыс уақытым да бірдей. Менің қызметкерлерімде де жағдай дәл солай. Бір ауыл әкімшілігінде 7 адам жұмыс жасаса, ол 20 мыңнан астам адамға қымет көрсетуі керек. Ал басқа аудандардағы ауылдық округтерде халық саны тым аз. Осы тұрғыда кішкене көңіл бөлінсе деген ойымыз бар. Яғни, штат саны халық санына қарай бекітілсе деген ниет қой біздікі.

Тағы бір жайт, біз арқылы бірнеше аудан халқы қатынайды. Трассада қандай да құқық бүзушылық немесе көлік апаты орын алса, бізде тіркеледі. Мал ұрлығы да тура солай. Көршілес жатқан аудандағылар бізге келіп малдарын жаяды. Ұрлық болса, бізде тіркеледі. Итің жаман десе намыстанатын қазақпыз ғой. Рас, кейде намыстанамыз. Айналып келгенде біз ауыздан түспейміз. Түлкібасты басқарған жылдар ішінде онда жарық, су, газ деген мәселе толықтай шешілді. Кейде айналамдағылар «Түлкібаста қазіргі әкімге жасайтын жұмыс қалдырмадың» деп күледі. Түлкібасты жеті жыл басқардым, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалынды. Кейде орынсыз сындар айтылды. Мен ақ екенімді дәлелдеп шықтым. Мені қаралағандар көпшілік алдында кешірім де сұраған кездер болды. Біз де робот емеспіз, проблемаларды шешу үшін уақыт, қаржы керек. Сеніп тапсырылған жұмыс болған соң барынша сенімді атқаруға тырысып жатырмыз.

— Сізді жұртшылық қызуқанды басшылардың қатарына қосып жатады. Келісесіз бе?

— Рас, кейде тапсырманы тиісті деңгейде орындамайтын қызметкерлер де болады. Ондай кезде қатты сөйлемеске шара жоқ. Әрине, тек жұмысына қатысты ескерту жасаймын. Ал жеке басының намасын таптаған кезім болмаған. Сенесіз бе, мен келгелі бір адамды жұмыстан қуған емеспін. Тіпті еден жуушыға дейін бұрынғы құрам. Тек жұмысты талап етемін. Болды, басқасында шаруам жоқ. Шаруашылық саласының маманымын ғой өзім. Кезінде қой да баққанмын. Кабинетте отырып алып жұмыс істейтін басшылар қатарынан емеспін. Бір жұмыс күнінің жартысында әкімдік ғимаратында болсам, екінші жартысында ауыл-аймақты аралап кетемін. Өйткені жүріп жатқан жұмысты өз көзіммен көрмесем, жаным тыныш таппайды. Қызметкерлерімнен де соны талап етемін. Кез келген істі жүрегімен, ынта-шынтасымен жасасаң, нәтижесі болады. Тынбай жұмыс жасаймын деп денсаулығыма да зиян келтіріп алдым. Дәрігерлер көп ашуланбаңыз дейді. Ауданға қатысты көп сын айтылса, қалайша ашуланбайсың? Кейде сол сынды айтатындар ішкі жағдаймен толық танысып алса ғой деп те ойлаймын.

— Еңбек жолыңызды шопан болып бастағыныңызды білеміз. Қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай келді?

— Менің анам еңбек жолын білім саласына арнаған жан, әкем шаруашылық маманы. Қой да баққан, механизатор да болған. Біздің кезімізде мен өскен Түлкібас ауданында «Алтын арай» деген жастар комсомол бригадасы болды. Онда үлкен мал бордақылау алаңшасы бар еді. Жоғары оқу орнына түсу үшін аталған жерде шопан болсаң ғана жолдамаға қол жеткізе алатынсың. Сол кезде сегіз айдай шопан болып жүрдім. Кейін әскерге бардым, жоғары білім алдым. Сосын Түлкібастағы аудан әкімшіліне жұмысқа тұрдым. Қарапайым маман болып бастап, аудан әкімі қызметіне дейін көтерілдім.

— Сізді араздасып қалған жандарды татуластырғыш әкім деп те естідік…

— Басшы болған соң елдің тыныштығын қатты уайымдайсың ғой. Ол әсіресе саяси науқан кезінде өршіп кетеді. Бір-бірін жамандап, іріткі салушылар көбейеді. Өзім қандай кез болмасын, реті келсе ренжіскен азаматтарды татуластыруды ойлап тұрамын. Бастысы, қандай адам болмасын бір-біріне кешірімшіл болғаны дұрыс қой.

— Шыныңызды айтыңызшы, кейде бәріне қолды бір сілтеп, мемлекеттік қызметтен кеткіңіз келген кездер болды ма?

— Мен өз қабілетімді өзгелерден артық немесе кем деп айтпаймын. Барлығына баға беретін халық. Атқарған еңбегіңе дұрыс баға беріліп жатса, одан асқан бақыт жоқ. Әйтеуір халықтыңкөңілі дұрыс болса, басқасы проблема емес. Облыс басшылығы сеніп тапсырған қызметті абыройымен атқарып келемін. Алла амандық пен денсаулық берсе, атқара да бермекпін.

— Сондай- ақ, сізді қонақ күтудің хас шебері деп естігеніміз бар. Қонақжайлылықты сарыағаштықтардан үйрендіңіз бе?

— Мен достыққа адал адаммын. Біреумен араласамын ба, шын пейілмен берілемін. Қателессе, кешіріммен қараймын. Біреудің үйіне барғаныңда дастарханын қанша жерден жайқалтып қойғанымен бетіңе бадырайып қарап отырса несі жақсы? Мен барымды алдына қойып, ризашылығын алуды ойлаймын. Үйге келген қонаққа шайы дұрыс берілмесе, жеңгеңізді отырғызбаймын (күліп). Көмекке мұқтаж адамды көрсем, қол ұшымды бергім кеп тұрады. Бұл әңгіме бәлкім содан шыққан шығар.

— Енді бала тәрбиесі туралы тоқталып өтіңізші. Тым қатал әке секілді көрінесіз….

— Жарым Қарлығашпен бір ауданның тумасымыз. Көрші ауылда тұрды. Маған кезінде «агрономсың» деп тұрмысқа шықпаймын деп айтқаны бар (күліп). Ауылдың баласымын, кездесуге трактормен баратынмын. Алланың нәсіп етуімен шаңырақ көтердік. Шүкір, үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп өсірдік. Бала тәрбиесіне келгенде қаталдау екенім рас. Осы ретте мына бір жағдай еске түсіп отыр. Түлкібасты басқарып тұрған кезім. Әйелім Шымкентке балаларға киім алуға кеткен. Үйде қызым мен жиенім жұмыстан келген маған шай дайындап жатыр. Бір кезде екеуі мектептегі мұғалімін жерден алып, жерге салып жамандап, ашық кекетіп отыр. Өзімнің анам ұстаз ғой. Бір кезде ашуға булыққаным соншалық, отырғанды үстелді қолыммен бір қойып қалып, екеуін де шақырып қатты ұрыстым.

Оқытушы туралы ондай теріс пікір айтуға болмайтынын түсіндірдім. Қатты айтып жіберген болуым керек, еңкілдеп жылап қалды. Мен балаларымның мектептегі мұғалімдеріне «әкімнің баласы» деп оң көзқарас танытпаңыз деп айтып отырамын. Себебі бала соған үйреніп, барлығына оңай қол жеткізуге болады деген ой қалыптасады.

Кейбір балалар демалыс кезінде шетелге демалуға кетіп жатса, мен ұлымды ауылға жіберемін. Інімнің балаларымен бірге тезек илеп, картоп қазады. Мал бағады. Еңбектенуді әзірден бастап үйренуі керек бала деген. Әйеліме кейде үш қызымыз мақұл, ертең бір-бір үйдің отынын түтетіп отырады. Ал ұлымыз мықты азамат боп өскені керек, ол біздің асыраушымыз болады. Ертеңгі күні бір бұрышта тығылып орысша сөйлеп, келіннің жетегінде кетсе не болады? Егер келіннің қолынан уақытылы шай іше алмасам, балам еркек болып келінге сөзін өткізе алмаса өмірдің соры сонда ғой деп айтып отырамын.

Дереккөз: nur.kz

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.