Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қалық Абдуллаев — 75 жаста
    Жаңалықтар

    Қалық Абдуллаев — 75 жаста

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2017Updated:11.11.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Қалық Абдуллаев 75 жасқа толды. Саналы ғұмырын жарқын істермен жалғап, халқының қалаулысы бола білген тұлғаның табанды еңбегі – тарих толқынында тереңінен өз орнын алған. Төлебидің төрінде туып, Алатаудың арысы бола білген ел ағасының бүгінгі мерейтойы – сонау Алматы қаласында тойланды. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері бүгінгі күнге дейін еңбектен қол үзбеген, еліміздегі ең ірі корпорацияның бірі —  «Атакент» АҚ басқарады.

    Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, десе де еткен еңбек, көрген бейнет, алған асу әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы барлығының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап келе жатқан осындай азаматтың бірі — Қалық Абдуллаев.

    img-01                            ҚР Президенті Н.Назарбаев пен РФ Президенті Б.Ельцинмен Достық Келісіміне қол қою сәті.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген 100 жаңа есімге лайықты тұлғаның бірі, халқы сүйген Қалық Абдуллаев десек қателеспейміз. Өйткені, ел үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз.

    img-02                                               Татарстан басшылығымен кездесу сәті.

    Қалық Абдуллаев 1986-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Республика Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы және Премьер-министрдің орынбасары – Қазақ КСР Мемлекеттік экономикалық комитетінің төрағасы қызметтерін лайықты атқарды. Осы жылдары ол Қазақстанға шетелдерден инвестициялар тартудың алғашқы тәжірибелерінің негізін қалады.

    img-03                           Мәскеуде өткен Кеңестік Социалистік Коммунистік партиясының съезінде қазақстандық делегация мүшелері.

    Сонымен қатар, 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1995 жылы Қалық Абдуллаевтың іскерлік мол тәжірибесі ескеріліп, Республика Президентінің арнайы Жарлығымен құрылған ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Мұнан кейін, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. Ал, 2000 жылдан бері өзі құрған «Атакент» Акционерлік қоғамы Директорлар Кеңесінің төрағасы.

    img04Ақүйдің ауласындағы кездесу. Вашингтон. (солдан оңға қарай) АҚШ Джордж Буш (үлкені), сол жақтан екінші Н.Назарбаев (сол жақтан үшінші) Қ.А.Абдуллаев.

    .img05                                                                ҚР Президенті Джордж Бушпен кездесу. Ортада Қ.А.Абдуллаев.

    img06                           Түрік Республикасының Президенті Сүлеймен Демирелдің Оңтүстік делегациясымен кездесуі. Анкара.

    img07                              «KIOGE» Халықаралық көрмесінде. Алматы қаласындағы мұнай-газ саласы басшыларының кездесуі.

    img08                                                                            Абдуллаевтар жанұясы

    Облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ» телеарнасының басшысы, ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш те салтанатты жиынға арнайы барып, мерейтой иесін құттықтады. Сондай-ақ, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары аудан жұртының ыстық сәлемін жеткізіп, құрмет көрсетті.

    «Айғақ» телеарнасының ұжымы да 75 жасқа толған мерейтой иесін құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіне баянды бақыт тілейді!

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.