Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі Жұмат Шанин атамыздың ұрпақтарымен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі Жұмат Шанин атамыздың ұрпақтарымен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  Жұмат Шаниннің  125 жылдық мерейтойына арналған  «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу салтанатты кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында театр тарланының туған немерелері «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы Болат Шанин, Райхан мен Жанат  Қасымханқыздары да бар.

    Кездесуде сөз алған өңір басшысы биыл облысымызда қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің 125 жылдығына орай  30-ға жуық мәдени  іс-шаралардың  жоғары деңгейде аталып өткенін жеткізді.

    «Қазақ халқының  театр өнерін дамытуда  Жұмат Шанин атамыздың   еңбегі ұшан теңіз. Қазақтың біртума перзенті  ұлт театрының негізін қалап,  кәсіби  тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді.  Театр тарланының 125 жылдығына орай  ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігі тарапынан  іс-шаралар жоспары түзіліп, арнайы жұмысшы топ құрылған болатын. Биылғы жылдың сәуір айында Түркістан мен Шымкент қаласының театрларында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркі әлемінің театрлар фестивалі өткізілді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Театр тарланының 125 жылдығына орай биыл облысымызда «Қазақ театрының атасы», «Театр тарланы»,  «Тұңғыш режиссер, драматург, театр қайраткері», «Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы», «Жарық жұлдыз – Жұмат Шанин», «Театр және көрермен» тақырыптарында  көрмелер, кездесулер өткізілген болатын.  Аталған іс-шараларда Жұмат Шаниннің өмір жолы, еңбек жолы, адам өміріндегі театрдың атқаратын рөлі  жайында кеңінен насихатталды. Осы іс-шараларға ерекше қолдау білдірген облыс әкіміне Жұмат Шаниннің  немерелері  шын ризашылығын білдірді.

    «Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында атамыздың 125 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтуде. Көктемде өзіңіздің жеке қабылдауыңызда болып, іс-шаралар жоспары туралы ақылдасқан болатынбыз. Міне, бірнеше айдан соң сол айтылған, жоспарланған дүниелердің іске асып отырғанын көріп отырмыз. Осы ретте атамыздың мерейтойын өткізуге атсалысып, ерекше қолдау білдіргеніңіз үшін риясыз алғысымызды білдіреміз», — деді  Райхан Қасымханқызы.

    Кездесу соңында өңір басшысы Жұмат Шанин атамыздың немерелеріне арнайы сый-сияпат жасап, «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кешінің сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

    Атап өту керек, Жұмат Шанин атындағы қала көшесінде ұлы тұлғаға арналған мемориалды тақтасының ашылу рәсімі  және театр сахнасында Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу кеші өтеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.