Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте Гете атындағы саябақ салынбақ
    Жаңалықтар

    Шымкентте Гете атындағы саябақ салынбақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімнің баспасөз қызметі.

    Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.

    Өңір басшысы Германияны Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық әріптесі деп санайтындығын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, әкім биылғы жылдың 9 айында Оңтүстік Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 30 млн АҚШ долларына жетіп, оның 27 млн долларын импорт құрап отырғанына тоқталды.

    «Германия — Қазақстанның негізгі сауда әріптесі. Екіжақты қарым-қатынастар тәжірибесі Германияның сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екендігін аңғартады. Біз германиялық инвесторлардың жаңа технологиялар әкеліп бірлескен өндіріс орындарын ашу үшін бар мүмкіндіктерді жасауға дайынбыз. Бүгінде өңірімізде инвесторларға тиімді жағдайлар жасалып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы — аймағымызға инвестиция тарту үшін оң жағдайды қалыптастырады. Мен осы ретте германдық кәсіпкерлермен тың жобаларды іске асыруға мүдделі екендігімізді жеткізгім келеді. Сондықтан сіздерді экономикамыздың түрлі саласында бірлесіп еңбек етуге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде неміс елшісі Оңтүстік Қазақстан облысы Еуроодақ елдерінің қызығушылығын оятқан экономикалық аймақ екенін атап өтті.

    «Биыл Қазақстан мен Германияның арасында дипломатиялық қатынастың орнатылғанына 25 жыл толып отыр. Бүгінде біз қазақ-неміс қатынасы жоғарғы даму деңгейіне жеткенінің куәсі болып отырмыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда Оңтүстік Қазақстан облысының да қосып отырған үлесі мол. Сіздердің өңірлеріңіз аграрлық аймақ саналғандықтан алдағы уақытта осы және мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға күш салатын боламыз», — деді Рольф Мафаэл.

    Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында германиялық әріптестердің қатысуымен бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Промондис Казахстан», «ODDESSEZentralsien» ЖШС-лары мен «Шымкентцемент» АҚ да бар.

    Кездесу барысында облыс әкімі елшіге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірімізде туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Осы ретте өңір басшысы немістің ұлы ақыны Гете мен қазақтың ұлы кемеңгері Абайдың рухани байланысына тоқталып, Гетеден аударып, әнге ұластырған қазақ ақынының «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жатқа оқып берді. Сондай-ақ әкім екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында алдағы уақытта Шымкентте Гете атындағы саябақтың іргетасы қаланататынын жеткізді.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.