Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасында ғылыми консорциум құруды ұсынды
    Жаңалықтар

    Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасында ғылыми консорциум құруды ұсынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.11.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Челябинскіде өткен Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел ғалымдарының ғылыми консорциумын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

    «Бүгінде Қазақстанның 30 жоғары оқу орны ресейлік ЖОО-лармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде. Перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Ресей ғалымдарының ғылыми консорциумын құру мәселесін пысықтаудың маңызы бар. Атап айтқанда, био-және ақпараттық технологиялар, энергетика, ғарыш және басқа да салалар бойынша», — деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті Назарбаев университеті, Инновациялық технологиялар паркі, ресейлік «Сколково» орталығы сынды инновациялық кластерлердің және өзге де ғылыми-зерттеу құрылымдарының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін атап өтті.

    Елбасының айтуынша, бірлескен жұмыстар үшін Астана-ЭКСПО инфрақұрылымының базасында құрылып жатқан «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, IТ-стартаптар халықаралық технопаркі және «Жасыл» технологиялар және инвестициялар халықаралық орталығы пайдалы болуы мүмкін.

    Бұдан бөлек, білім беру қызметтеріне сұраныс аса жоғары еліміздің үш өңірінде ресейлік ЖОО-лардың филиалын ашу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтып өтті.

    «Елдеріміз арасында халықаралық білім беру хабтарын қалыптастыруға жағдай жасау аса маңызды. Бұл үшін білім беру бағдарламалары, соның ішінде ашық онлайн-білім беру курстары саласындағы өзараәрекеттестік бағытында жұмыс жасауға болады», — деді Н.Назарбаев.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.