Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында қазақ ұлтының ірі тұлғасы, Алаштың абызы Кетбұқаның алып ескерткіші ашылды. Сәрсенбінің сәтті күніндегі салтанатты шараға еліміздің әр өңірінен мәртебелі қонақтар арнайы келген. Жиында облыс әкімі Ерлан Қошанов: «Дәуірлер көшінде көмескіленіп бара жатқан ұлы тұлғалардың қайта ұрпақ санасында жаңғыруы — Елбасының тікелей септігі»-, деп атап өтті. Саналы ғұмырын ұлтының ұйытқысына арнаған Кетбұғаның есімі ұлықталған елдік шараға арнамыздың түсірілім тобы да қатысып қайтқан болатын.
Гүлжан Нұрланқызы