Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін
    Жаңалықтар

    Қазақстанда әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қорытындысын әзірлеу жөнінде мәселе қаралды, деп хабарлайды Baq.kz.

    Аталған заң жобасының маңызын депутаттарға Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров түсіндірді.

    «Заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге, әрі құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивистік қылмысқа қарсы іс қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді депутат.

    Осы орайда ол аталмыш заң жобасындағы негізгі ережелерге тоқталды.

    «Біріншіден, жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру. Екінші, Ішкі істер министрлігіне бағыныштылық пен полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау», — деді Нұрлан Әбдіров.

    Оның айтуынша, заң жобасы әкімдерге жаңа құзыреттілік беруді көздейді.

    «Үшінші, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдеріне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығын президенттік резервте тұрған полиция қызметкерлердің қатарынан ішкі істер департаменттерінің ұсынымы бойынша полиция департаменттері бастықтарын тағайындау құқығын беру», — деді халық қалаулысы.

    Сонымен қатар аталған заң жобасында әкімдер полиция қызметінің алдына жаңа міндеттерді қоя алады.

    «Төртінші, әкімдерге полиция департаменттері алдында бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің құзыретіне жататын міндеттерді қою құқығын беру жолы мен полиция жүйесін жаңғырту. Жобада 2 кодекс және 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға дайын», — деп түйіндеді сөзін Нұрлан Әбдіров.

    Депутаттар аталған заң жобасының қаулысын қолдап дауыс берді. Енді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасы бойынша жұмыс істейді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.