Оған сәйкес заң жобасы бүгін Мәжілісте талқыланды.
Жаңа құжат бойынша экологиялық аудит, әкімшілік рәсімдер, кәсіпкерлердің мәселелері енді мемлекет қарамағында болмауы тиіс. Егер жоба мақұлданса, 3 кодекс пен 4 заңға өзгеріс енгізілетін болады. Баяндама жасаған Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, мұндай шешім билік пен бәсекелес орта арасындағы байланысты арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
– Ең алдымен бәсекелес ортаға берілетін міндеттердің тізімі жасалады. Кейін бұл ақпарат қоғам арасында ашық талқыланады. Арнайы комиссия өз бағасын беріп, заң жобасы қабылданған жағдайда кейбір міндеттер мемлекет қарамағынан шығарылады. Бұл жүйе өз нәтижесін беруі тиіс.
Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Құрылған комиссия шешімі бойынша заң жобаға сәйкес 2 функция бәсекелес ортаға беріледі. Экологиялық аудиторлардың реттеу жұмыстары бойынша медициналық көмектің дәрежесін, сапасын анықтайтын функция министрліктен үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
Дереккөз: 24.kz