Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тілешов қазақ тіліндегі кей әріптер латыншада неге өзгеріп кеткенін түсіндірді
    Жаңалықтар

    Тілешов қазақ тіліндегі кей әріптер латыншада неге өзгеріп кеткенін түсіндірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Астанада өткен «Жаңа әліпби — жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстелде жаңа әліпби авторларының бірі Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ тілінің латын графикасымен берілген әліпбиіндегі бірнеше дыбыстың таңбалану ерекшелігін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    «Апострофтық әліпбидің ішінде у, и, дыбыстарына қатысты пікір білдіріп жатқандар көп. Соларға тоқталып кетейін. Мысалы у дыбысы басында w-мен берілген. Диграфтық нұсқа ұсынылғаннан кейін w-ге қарсы пікір бергендер 78 пайыз болды. Сол себепті біз бұл нұсқаны қабылдаған жоқпыз. Ал апострофпен берген себебіміз, орыстың у-ы мен қазақтың у-ы бірдей емес. Қазақтың у-ы қашанда дауыссыз. Бізге оны дифтонг деп қате түсіндіріп келді. Біз бұған дейін «сұу» деп айтып, «су» деп жазып келдік. Ал орыстың у дыбысы – таза дифтонг — әрі дауысты, әрі дауыссыз. Қазақ тіліндегі у естілуі бойынша w-ға келетін еді. Дегенмен біз қоғамдағы қарсылықты ескере отырып, оны апострофпен бердік. Себебі қазақтың у-ын орыс тіліндегі у-дан ерекшелендіру мақсатында жасалды» — дейді Ербол Тілешов.

    Сонымен қатар ол и және й әріптерінің бір ғана таңбамен апостроф арқылы берілгендігіне тоқталды.

    «Енді и, й дыбыстарына келер болсақ; ұзақ и, яғни нүктесі жоқ и сырттан келген дыбыс, ал қысқа й — нүктесі бар й біздің төл дыбысымыз. Мысалы 1957 жылға дейін біз «мій», «жыйналыс» деп жазып келдік. Солардан біз і-ні, ы-ны алып тастап, «ми», «жиналыс» деп жазатын болдық. Ал иман, ислам, имам деген секілді араб, парсыдан енген сөздер мен интернет, инвестиция деген секілді кірме сөздер болғаны болмаса, қазақы қысқа й негізгі дыбыс. Сондықтан біз екеуін бір таңбамен апостроф арқылы бердік» — дейді Ербол Тілешов.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.