Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі басталды
    Жаңалықтар

    Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астанада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

    Сот отырысы ашық тәртіпте өтті. Сот тыңдалымында Қуандық Бишімбаев үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша күдіктілер тізімі жарияланды. Экс-министрге Қылмыстық кодекстің «Пара алу» — 366-бабы, 4-тармағына, сондай-ақ «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» — 189-баптың 4-бөлімі, 2-тармағына сәйкес айып тағылып отыр.

    Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің басым бөлігі — «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері.

    Олардың арасында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев, оның орынбасары Аслан Жақыпов, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ департаментінің бұрынғы басшысы Бауыржан Әйтімбетов, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ дирекциясының бұрынғы директоры Сәдуақас Сапарымбетов және «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарушы директорлары қызметін атқарған Дельрух Анарбай мен Ғазиз Сариев бар. Сондай-ақ, іс фигуранттарының қатарын «Orda Glass» ЖШС бұрынғы басқарма басшысы Дәурен Ибрашев, «Құрылыс металл конструкциялар зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры Жақсылық Исабек, «Шымкентхиммонтаж» бұрынғы бас директоры болған Марат Қожабаев және «Қазмұнайгаз» бөлімшелерінің бірінің бас директорының орынбасары болған Ерлан Айталиев толықтырады.

    Одан бөлек, Азиз Акрамов, Қанат Смағұлов, Бауыржан Есмұханов, Арман Қамаров, Ернар Жұманазар, Сәбит Утебалиев, Қайдар Косшанов, Данияр Олжабеков, Уәлихан Жұмабай, Әділжан Акрамов және Нұрлыбек Сұлтан — Бишімбаев ісі бойынша күдіктілер тізіміне енді.

    Сот отырысын судья Әділхан Шайхисламов жүргізді.

    «Қолдаухаттар тыңдалды. Сот ісі күн сайын өтеді. Мұндай сот процестері күнде қаралатынын адвокаттардың көпшілігі біледі. Қашан басталып қай уақытқа дейін жалғасатыны туралы график дайындаймыз. Үзіліс те болады. Істі күн сайын қараймыз. Сот процесіне қатыса алмайтын адвокаттар болса орындарын басқалар алмастырады», — деді Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Əділхан Шайхисламов.

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 желтоқсанда Қуандық Бишімбаевты «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босатып, Тимур Сүлейменовті ҚР Ұлттық экономика министрі етіп тағайындаған болатын.

    10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қуандық Бишімбаевты ірі көлемде бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады. Экс-министр мен 22 күдіктіге қатысты қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталып, 2017 жылы 14 қазанда Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.

    19 қазанда Ұлттық бюро Тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тергеу барысы және нәтижелері туралы баяндағанда Бишімбаев ісіне қатысты 23 күдіктінің үшеуі ғана қылмысын мойындамағнын, олар Бишімбаев пен оның ағасы, құрылыс компаниясының бір қызметкері екенін мәлімдеді. Қылмыстық іс көлемі 250 томнан тұрады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.