Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 9 қаңтар күні сағат 05.02-де тіркелген. Жер сілкінісі эпицентрінің Алматыдан 703 шақырымда болғаны хабарланып отыр. Зілзаланың энергетикалық класы — 11,1, магнитудасы 5,1-ке тең, ал тереңдігі 20 шақырым болды. Шымкентте жер сілкінісі 2 балмен сезілді-деп хабарлайды ақпарат агенттігі.
СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН
Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...










