Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО -да тасқын судың алдын-алу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде
    Жаңалықтар

    ОҚО -да тасқын судың алдын-алу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

             Бүгін   Үкіметтің селекторлық режимде өткен отырысында негізі үш мәселе қаралды.  Соның бірі —  су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары болды. Аталған мәселе жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, өңірдегі су тасқыны қатерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды баянлап, бірқатар ұсыныстар жасады.

         Өңір басшысының айтуынша, облыста су тасқынының алдын алу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда су қоймалар мен өзен-көлдер қадағалауға алынып, ондағы жағдайлар туралы мониторниг жұмыстары жалғасуда. Дегенмен облыста ең өзекті мәселелердің бірі болып,  трансшекаралық Сырдария өзені мен осы өзеннің бойында орналасқан шекаралық көршілес мемлекеттердегі су қоймаларындағы су мөлшері алаңдатып отыр. Қазіргі таңда берілген мәліметтер бойынша «Тоқтағұл» су қоймасында 19,5 милиард  текше метр су болса, қазіргі жағдайда 99 пайыз толып тұр. Ал, «Қайрақұмның» жобалық көлемі 3 миллиард  800 млн  текше метр болса, қазіргі жағдайда 86 пайызға яғни 3 милиард 281 млн текше метрге толған. Бұл «Шардара» су қоймасына қауіп туғызады. Себебі, «Шардара» су қоймасынан суды төмен тастауға арналған гидротехникалық жүйелер жалпы секундына 2 мың 315 текше метрге дейін мүмкіншілігі бар. Осы мәселелерге байланысты облыс әкімі негізгі төрт ұсынысын жеткізді.

        «Біріншіден, өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, «Шардара» су қоймасын кемінде 2018 жылдың қаңтар айына дейін транзиттік режимде ұстауды ұсынамын. Екіншіден, қауіп төнген жағдайда көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан республикаларымен келісім арқылы келген судың мөлшерін азайтуға және Арнасай ойпатына су тастау мәселесін Үкімет деңгейінде шешу қажет.  Үшіншіден, «Шардара» су қоймасынан жоспарлы түрде Қызылқұм ойпаңына секундына 2100 текше метр аптатты су тастау құрылымы құрылысын салуды қолға алу керек.  Төртіншіден, қыс мезгілінде қауіпті жағдай төнгенде «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысына тасталған судың мөлшерін көбейтіп, реттеуді ұсынамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

           Облыс әкімінің бұл ұсынысына Үкімет басшысы ерекше мән беріп, орынбасарларына  бақылауда ұстауды тапсырды.  Жалпы қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында  су тасқыны қауіпі жоқ.

           Айта кетейік, биыл облысымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алуға 1,3 млрд. теңге қаралған. Бұл қаржыға облыстағы қорғаныс бөгеттері нығайтылып, 23,2 шақырым жаңа бөгет салынды.

            Бұдан бөлек, 25,6 шақырым өзендердің жағалаулары бекітіліп, 295,2 шақырым арық-каналдар мен 186 бірлік су өткізу құбырлары тазаланған. Қазірдің өзінде өңірде 1167 адамы бар  құрам жасақталып, 304 дана техникасы бар күш құрылдымдарымен келісім жасалған. 

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.