Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Данияр Ақышев: RBK банкі бойынша шешім қабылданды
    Жаңалықтар

    Данияр Ақышев: RBK банкі бойынша шешім қабылданды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Үкіметі Ұлттық банкпен және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен бірлесіп «Bank RBK» Банкі» АҚ-ты қалыпқа келтіру шараларының кешенін әзірледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша журналистер сұрақтарына жауап беру кезінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

    Қазіргі уақытта «Bank RBK» өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етумен байланысты қиындықтарды бастан кешіріп отырғаны белгілі. Соған байланысты Банктің клиенттік төлемдерді уақтылы жүзеге асыруы шектеулі.

    Бұрын хабарланғандай, Ұлттық Банк ҚР Үкіметімен және әлеуетті инвесторлармен бірлесіп келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде Банкті сауықтыру шараларының кешені әзірленді. Данияр Ақышев қалыпқа келтіру моделі Банкті инвесторлардың 160 млрд. теңге сомасындағы қаражаты есебінен капиталдандыруды және Банктің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвесторлардың оның бизнес-моделін одан әрі жетілдіруін болжайтынын айтып берді. Сонымен қатар, шаралар кешені акционерлер мен басқа байланысты тұлғаларға берілген шамамен 600 млрд. теңге сомасындағы проблемалық портфельді жеке арнайы қаржы компаниясына беруді көздейді.

    Ұлттық Банк басшысы арнайы қаржы компаниясына берілген міндеттемелерге берілген портфельден түсетін түсімдер есебінен қызмет көрсетілетінін нақтылады.

    «Жақын уақытта Ұлттық Банк Басқармасы Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаға қатысу шеңберінде Банктің шамамен 240 млрд. теңге сомасындағы өтінімін қарайды», — деді Д. Ақышев.

    Ол жоғарыда көрсетілген қалыпқа келтіру шаралары Ұлттық Банк қазіргі уақытта іске асырып жатқан, Ұлттық Банк Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.

    Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Банктегі ахуал тұрақтанады деп күтіледі. «Өтімділіктің түсуіне қарай жақын арада Банк әлеуметтік тұрғыдан маңызды төлемдер бойынша, сондай-ақ ұсақ және орта салымшылардың депозиттері бойынша міндеттемелерді орындай бастайды», — деп атап өтті Ұлттық Банк Басшысы.

    Қазіргі кезде Банкте жеке тұлғалар жалпы алғанда 28 139 шот ашып, 188 млрд. теңгеге салым салған. Соған байланысты мемлекет Ұлттық банк, Үкімет және квазимемлекеттік сектор қаражатының есебінен РБК-ға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

    Ұлттық банк РБК-ның ағымдағы зиянға әкеп соққан кредит саясатын іске асыруы бөлігінде Банктің уәкілетті органдарының қызметіне талдау жүргізеді, содан соң тиісті материалдар одан әрі шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.

    Дереккөз: inform.kz

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.