Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бас прокуратураның жаңа құрылымы бекітілді
    Жаңалықтар

    Бас прокуратураның жаңа құрылымы бекітілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2017Updated:07.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы 2017 жылғы 13 қазанда «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына қол қойды.

    Аталған Жарлықпен Бас прокуратура туралы ереже, оның құрылымы бекітіліп, ведомствоның жалпы штаттық саны, сыныптық шен берілетін лауазымдар тізілімі белгіленді. Сонымен бірге кейбір Жарлықтарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, сондай-ақ Президенттің жеке актілері нормаларының күші жойылды деп танылды.

    Бас прокуратура туралы ережеде ведомствоның негізгі функциялары мен міндеттері, құқықтық мәртебесі, сондай-ақ Бас Прокурордың өкілеттіктері бекітілген.

    Жарлықпен алғашқы рет Бас прокуратураның миссиясы белгіленді — мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

    Прокуратураның конституциялық функцияларын жүзеге асыру төрт бөлімшеге жүктеледі:

    Қылмыстық қудалау қызметі (1-Қызмет);

    Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі (2-Қызмет);

    Қоғамдық мүддені қорғау қызметі (3-Қызмет);

    Арнайы прокурорлар қызметі (4-Қызмет).

    Қылмыстық қудалау қызметінің міндеті кінәсіз тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына жол бермеу және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз ету болып табылады.

    Жазаны орындау кезінде сотта істі әділ қарау, адамгершілікті сақтау және қадір-қасиетін қорламау бойынша адам құқығын қорғау – 2-Қызметтің негізгі бағыты.

    Мемлекеттік, жергілікті уәкілетті және атқару  органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің заңдылығына жоғары қадағалауды 3-Қызмет жүзеге асырады.

    4-Қызметтің басты бағыты – сотқа дейінгі тергеу, атап айтқанда, тергеу және жедел тергеу топтарына басшылық ету жолымен.

    Бас прокуратураның қызметін толық үйлестіру бұрынғыдай Бас Прокурордың Аппараты арқылы жүзеге асырылады.

    Кадрларды дамыту, халықаралық ынтымақтастық, ішкі тергеу, қаржы, стратегиялық даму мәселелері Департаменттер арқылы іске асырылады.

    Ішкі аудит, заң шығаруды үйлестіру, өтініштер және іс қағаздарын жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау дербес басқармалар арқылы жүзеге асырылады.

    Жарлықтың толық мәтінімен  http://prokuror.gov.kz/kaz/prokuratura/normativtik-kukyktyk-aktiler/kazakstan-respublikasynyn-prokuratura-organdarynyn-keybir сілтемесі арқылы танысуға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.