Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Асқар Мырзахметовтің Бейжіңдегі сапары барысында бірнеше меморандумға қол қойылды
    Жаңалықтар

    Асқар Мырзахметовтің Бейжіңдегі сапары барысында бірнеше меморандумға қол қойылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Бейжіңге барды.

    Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

    554

    Жұмыс сапары барысында А. Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфу, ҚХР сапаны қадағалау, инспекциялау және карантині жөніндегі бас басқармасының төрағасы Ци Шупин және де қытайдың ірі компанияларымен екіжақты кездесу өткізді.

    Кездесу аясында қазақ-қытай арасындағы инвестициялық жобалар, ауыл шаруашылығы, органикалық және ветеринария саласын дамыту барысы талқыланды.

    5541

    Қытай Халық Республикасы Қазақстан экономикасының сондай-ақ, агроөнеркәсіп секторының өсуі мен дамуында Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады.

    Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Сапаны бақылау, инспекциялау және карантин басқармасының басшысы Қазақстан Республикасынан союға жіберілген жылқы жануарларына арналған карантиндік және денсаулық сақтау туралы хаттамаға қол қойды.

    Сонымен қатар, қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында сауда саласында және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтар болсақ: «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен State Development and Investment Corporation арасында Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешен құру туралы 100 млн АҚШ доллары сомасындағы меморандумға; «КазАгро» ҰБХ»АҚ және «Grand China Business Management Co.»компаниясы арасында 100 млн АҚШ долларына бағаланған жоғары сұрыпты бидай өнімдерін шығаратын ферма құру туралы меморандумға; «Азық-түлік корпорациясы» АҚ мен Dalian Commodity Exchange арасында көтерме сауда орталықтарының желісін құру және тауар биржасын ұйымдастыру туралы меморандумға; «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management»LTD арасында 20 мың тонна бірінші класты бидайдың экспортына қатысты келісімге; (4,5 млн АҚШ доллары); «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Grand China Business Management» LTD арасында 2 мың тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісімге; (1,5 млн АҚШ доллары); 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы «Қазақстанның ет қауымдастығы» ҚҚ және CITIC Construction арасында сиырлар мен сиыр еті өндірісі және экспорты үшін инфрақұрылым құру туралы келісімге қол қойылды (600 млн АҚШ доллары).

    Дереккөз: inform.kz

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.