Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстанда медициналық техниканың ұлттық базасы құрылады
    Денсаулық

    Қазақстанда медициналық техниканың ұлттық базасы құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда медициналық техниканың ұлттық базасы құрылады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

    «Медициналық жабдықтар саласында бағаның шарықтауына қарсы шаралар қабылдау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында, медициналық техниканың бағасын, өндіруші туралы мәліметтерді, тіркеу және жинақтау жайлы ақпаратты қамтитын Ұлттық базасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осындай Ұлттық базаны құру денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың көтеріңкі бағамен сатып алудың алдын алу үшін нақты құны жайлы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнан былай, медициналық техника туралы барлық ақпарат Ұлттық базада орналасатын болады», — деді 14-ші қазақстандық «AstanaZdorovie 2017» денсаулық сақтау саласының халықаралық көрмесінің аясында «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы Руслан Нұрмұқанов.

    Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін, оларды ұтымды қолдануын қамтамасыз ету «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылатыны жайлы айта кету қажет.

    «Республикада медициналық техниканы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу тәжірибесінен бірте-бірте алыстап кеткен. Болашақта медициналық жабдықтарды сатып алу мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) және лизинг арқылы жүзеге асырылатын болады. МЖӘ және лизинг тетіктерін іс жүзінде қолдану бірқатар проблемаларды шешуге көмектеседі, атап айтқанда, медтехниканы тұрақты жаңарту қажеттілігі, өйткені, кез келген техника ерте ме, кеш пе ескіреді және істен шығады», — деп мәлім етті «ҚазМедТех» АҚ басшысы.

    Бірқатар облыстардың басшылары мемлекеттік медициналық ұйымдарды қазіргі заманғы техникамен жарақтандыру үшін лизингке көңіл бөліп, белсенді түрде пайдаланады.

    «Осы процеске Қарағанды облысы белсенді қатысып келеді. Бұл өңірдің үлесіне «ҚазМедТех» АҚ желісі бойынша жеткізілген техника көлемінің 30% тиесілі. Емхана немесе ауруханалар қазірдің өзінде бюджетке жүк салмай жаңа қымбат жабдықтарды сатып алып, пайдалана алады. Оның ақысы бірнеше жыл бойы төленеді және бұл медициналық мекемелерге өте тиімді, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салмақ төмендейді», — деді денсаулық министрлігінен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.