Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандағы тасжолдардың 27 пайызы ақылы болады
    Жаңалықтар

    Қазақстандағы тасжолдардың 27 пайызы ақылы болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.08.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2019 жылға дейін ойдым-ойдым жолдар қалпына келтіріліп, күрмеуі көп мәселе шешімін табады.

    Ол үшін елімізге зәкірлік инвесторлар тарту көзделіп отыр. Бұл Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында нақты көрсетілген.

    Астана-Щучье – еліміздегі алғашқы ақылы жол. Төрт жыл бұрын бұл бағытпен қатынау қиямет еді, ал қазір көлік иелері оның рақатын көріп жүр. Көкшенің кереметіне апарар учаскемен жүруден алынатын ақы бірден бюджетке түседі. Тасжолдың кейбір шұрық-тесігі осы қаражат есебінен бүтінделеді.

    Елорда-Бурабай тасжолының тарифтеріне тоқталсақ. Екі ортада әрлі-берлі көлікпен қатынайтындар шақырымына 1 теңге төлейді.

    Астанадан Щучьеге дейін 211 шақырым. Бұл қашықтық үшін жеңіл көлік иелері 200, автобус жүргізушілері 2100-ден 3100 теңгеге дейін, ал жүк көліктерін тізгіндегендер 4200-ден 5200 теңгеге дейін жолақысын беруі міндетті.

    Блиц:

    Көлік жүргізушілер:

    — Мынадай жолда жүру бір ғанибет. Тозығы жеткен учаскелерді бірден қалпына келтіріп жатады. Ол үшін ақша төлеу де артық етпейді.

    — Бұған үйрендік қой. Ақшасын төлегеніне сай, сапасы болу керек. Сапасы жақсы болса, халық ренжімейді.

    Келер жылы Қазақстанда тағы екі күре жолмен жүру үшін ақы алынады. Бұл – Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай бағыттары. Бұдан бөлек 5400 шақырым жолды ақылы қылу үшін қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Олардың құрылысы 2018 жылы басталады. Ол үшін Еуразиялық даму банкінен қарыз алып, инвесторлар тартамыз.

    Рустам Исаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры:

    — Біз ақылы жолдарды енгізу бойынша сәуір айында инвесторлармен кездестік. Олардың арасында неміс, түрік, Ресей компаниялары бар. Жобаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру мүмкіндігін де қарастырдық. Жалпы ақы алу жүйесі көптеген өркениетті елдерде енгізілген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жүйенің арқасында жол-көлік оқиғаларының саны біршама азайған.

    «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында еліміздегі тасжолдардың 27%-ы 2019 жылдан ақылы болады. Бұл – шамамен 6 мың шақырым. Осылайша күре жолдың күрмеуі шешілмек.

    Дереккөз: 24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.