Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Салық және Кеден кодексінің жаңа жобалары әзірленді – ҚР ҰЭМ
    Жаңалықтар

    Салық және Кеден кодексінің жаңа жобалары әзірленді – ҚР ҰЭМ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.08.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында бизнесті салықтық әкімшіліктендіру мен кеден бақылауын жеңілдету тұрғысынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы туралы айтты- деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

    Бірінші вице-министр ҚР ҰЭМ Ұлт жоспары аясында «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыты бойынша төрт қадамды іске асыруға жауапты екенін айтты. Оның үшеуі салық пен кеден саясатына және біреуі монополияға қарсы жұмыспен байланысты.

    Салық төлемдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерінің шамамен 64%-ын құрайды. Салық және кеден саясатын оңтайландыру — сапалы экономикалық өсім мен еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызды құрауышы.

    Ұлт жоспары аясында аталған бағыт бойынша қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр — Салық және Кеден кодекстерінің жаңа жобалары әзірленді. Салық тұрғысынан мемлекет тарапынан бизнесті әкімшіліктендіруді жеңілдету, несиелеуді ынталандыру, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар салу көзделген. Сонымен қатар, салық консультанттары институтын, дистанциялық аудит және салық несиелерін енгізу жоспарда бар.

    «Кодекс жобасын әзірлеу жұмысы аяқталды, біз оны осы айда Парламентке ұсынуды жоспарлап, 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі деп көздеп отырмыз», — деді Р. Дәленов.

    Кеден бақылауы туралы айтар болсақ, мұнда декларациялау кезінде электронды технологияларды енгізуге, кедендік операцияларды орындау кезінде автоматты ақпараттық жүйелерді қолдануға және бақылаудан өту барысында «бірыңғай терезе» тетіктерін белсенді пайдалануға басымдық беріледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.