Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда мұнай мен газ тасымалы 4,3 процентке өсті
    Жаңалықтар

    Қазақстанда мұнай мен газ тасымалы 4,3 процентке өсті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.08.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның магистралды құбырларымен 113,3 млн тонна мұнай мен газ тасымалданды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3% артық. Ал жалпы жүк айналымы 63,7 миллиард тонна-шақырымға жетіп, былтырғы жылға қарағанда +7,4% болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

    Магистралды мұнай құбырының ұлттық операторы «КазТрансОйл» АҚ 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында тасымалдаған мұнай көлемі 22,7 млн тоннаға жеткенін хабарлаған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4% артық. Ал мұнай өнімдерінің тұтастай тасымалы мен ауыстыра жеткізулері 28,9 млн тоннаға жетті. Бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% көп.

    «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі тағы бір жоба — халықаралық Каспий құбыры консорциумының көрсеткіші 2017 жылғы жоспар бойынша 65 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде қазақстандық өндірісшілер үлесіне 54 млн тонна тиесілі болса, соның 11 млн тоннасы Қашағанның мұнайы.

    Тоқтала кететін жайт, биылғы жылы мұнай тасымалы бойынша көрсеткіштер тренді оң нәтижеге ойысуы мүмкін. Өйткені 2014 жылдан бері магистралды құбыр желісі бойынша жүк тасымалының динамикасы төмендеп келе жатқан болатын. Мәселен, 2016 жылдың өзінде 2015 жылмен салыстырғанда жалпы тасымал көрсеткіші 4,1% азайған еді.

    Айта кетейік, Қазақстан аумағындағы мұнайгаз тасымалдайтын құбырлар ұзындығы 23,3 мың шақырымды құрайды, оның ішінде 15,3 мың шақырым — газ, 8 мың шақырым — мұнай құбыры.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.